Басы » Акимат » Спорт » Ольга Рыпакованың сыйлығына халықаралық турнир өтуде
Ольга Рыпакованың сыйлығына халықаралық турнир өтуде
Автор: Акимат
21-02-2017 15:36
Ольга Рыпакованың сыйлығына халықаралық турнир өтуде
Шығыс Қазақстан облысында Олимпиада ойындарының жеңімпазы Ольга Рыпакованың сыйлығына жеңіл атлетикадан ІІІ Халықаралық турнир өтуде. Халықаралық статусқа ие сайысқа 7 елден және еліміздің әр аймағынан келген жалпы саны 100-ден астам спортшы қатысуда. 
Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, осымен үшінші рет өткізіліп отырған жеңіл атлетикадан халықаралық турнирге қатысушылардың саны жылдан-жалға артып келеді. 
- Алдыңғы жылдары турнирге 5 елден қатысса, биылғы жылы 7 елден жеңіл атлеттер келіп қатысуда. Әр елден келген шетелдік спортшылар өздерінің жағымды пікірлерін білдіріп, алғыстарын айтуда. Мұның барлығы елімізде спорттың дамып келе жатқанының белгісі,- деді Ольга Рыпакова.  
Жарысқа қатысушылар жеңіл атлетиканың 11 түрінен сынға түсуде. Сайыста жеңіске жеткен спортшылар ақшалай сыйлықпен марапатталса,  келген көрермендер викториналық ойындарға қатысып, орталық бассейнге абонемент жеңіп алу мүмкіндігіне ие болмақ. 
Айта кетсек, бұл - Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында өтіп отырған үшінші шара. Мұнда ақпан айының 4 мен 5-і аралығында жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында, 10-12 ақпанда ересектер арасында ҚР чемпионаты өтіп, Ольга Рыпакова ұзындыққа секіруден бірінші орын иеленген.
 
Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметі