Басы » Акимат » Қаулы, шешім, өкім » Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін жылжымайтын мүлікпен бірге мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін жылжымайтын мүлікпен бірге мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы
Автор: Акимат
28-02-2017 15:38
 
 
 
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін жылжымайтын мүлікпен бірге мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы
 
 
Смычка аралының су тоғанын реконструкциялауға байланысты «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынған құжаттарды қарап, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 81-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, 84-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 6-тарауына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Смычка аралының су тоғанын реконструкциялау мақсатында мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жылжымайтын мүлікпен бірге мынадай жер учаскелерін: 
1) Рымбек Ильяшев көшесі, 61-көлікжай мекенжайындағы алаңы 0,0023 га, кадастрлық нөмірі 05-252-024-209, нысаналы мақсаты көлікжайға қызмет көрсету үшін Шолпан Жақияқызы Оразғалиеваға жекеменшік құқығымен тиесілі жер учаскесін онда орналасқан құрылыспен бірге;
2) Дмитрий Черепанов көшесі, 1/1-көлікжай мекенжайындағы алаңы 0,0022 га, кадастрлық нөмірі 05-252-024-005, нысаналы мақсаты көлікжайға қызмет көрсету үшін Тамара Павловна Ишинаға жекеменшік құқығымен тиесілі жер учаскесін онда орналасқан құрылыспен бірге мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
2. Жылжымайтын мүлікпен бірге жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару күні 2017 жылғы 5 маусым;
жер учаскелерінің меншік иелерінің келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін жүгінетін орын «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» және «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемелері болып анықталсын.
3. Ішкі саясат бөлімі (А. С. Садырбаев) осы қаулыны қабылданған сәтінен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
4. Жер қатынастары (С. М. Медеуов), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (М. Б. Алёнов) бөлімдері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары 
Қ. Ш. Ерембесовке жүктелсін.
 
 
Қала әкімі                                                                        Е. Сәлімов