Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » Туберкулездан азат әлемі
Туберкулездан азат әлемі
Автор: Акимат
06-03-2017 17:22
Туберкулездан азат әлемі
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде және жыл сайын 24 наурызда атап өтілетін Дүниежүзілік туберкулезбен күрес Күніне орайластырылған туберкулездің алдын алу бойынша айлық аясында 2017 жылдың 2-ші наурызында Орталық кітапхананың баспасөз-орталығында салауатты өмір салтын қалыптастыру Орталығы «Туберкулезден азат әлем» тақырыбына баспасөз-конференциясын ұйымдастырды және өткізді.
Мақсаты: халықты профилактикалық шаралар, туберкулездің алғашқы белгілері, уақытында медициналық көмекке жүгінудің маңызы және уақытында емделудің тиімділігі туралы ақпарат алуын арттыру. 
Журналистердің сұрақтарына: Мусинова З.Б. – СӨСҚБО директоры; Свитич Т.Н. – Семей қаласының бас терапевті; Әділғожин М.С. – АТҚД бас дәрігерінің емдеу жұмыстары бойынша орынбасары; Кариполина Ш.Б. – АТҚД фтизиатр дәрігері; Байғожина Д.А. - АТҚД фтизиатр дәрігері; Садықова Ш.Б. – Семей қаласы бойынша ЖТДБ эпидемиологиялық қадағалаудың бас маманы; Әлібекова А.Р. – ЖТД көліктегі жетекші маманы; Ақшалова М.И. - ЖТД көліктегі жетекші маманы; Кәпентаева З.Ж. – Қызыл жарты ай қоғамының Семей филиалының өкілі жауаптар берді.
Бағалауға сәйкес 2015 жылы туберкулезбен  10,4 млн.  адам ауырған,  оның ішінде 5,9 млн. (56%) ерлер,  3,5 млн.  (34%)  әйел және  1,0 млн.  (10%)  бала.  АИТВ инфекциясымен ауыратын тұлғалар ТБ-мен жаңадан ауырған науқастардың жалпы санынан 1,2 млн. (11%) құрады.
Елбасының қолдауының және туберкулезге қарсы кешенді шараларды сапалы іске асырудың арқасында соңғы 10 жылда Қазақстанда туберкулезбен аурушаңдылық көрсеткіші 2,2 есеге және өлім-жітім 5 есеге төмендеген. 
2016 жылдың қорытындысы бойынша республикада туберкулез бойынша тұрақты індетті жағдай байқалуда. Мұны ел бойынша туберкулезбен аурушаңдылық көрсеткішінің 2015 жылы 100 мың халыққа шаққанда 58,5-ке қарағанда 9,9%-ға төмендеп 52,7-ні құрағаны дәлелдеп отыр. Аурушаңдылық көрсеткішінің төмендеуі барлық облыстарда байқалады. Бұл туралы жалпы ел бойынша туберкулезбен аурушаңдылық көрсеткішінің азайғаны дәлелдеп отыр. Осылайша Семей қаласының «Туберкулезге қарсы аймақтық диспансері» ММ-нің деректері бойынша: 2015-2016 жылдардағы салыстырмалы деректер 100 мың тұрғынға шаққанда ауру-сырқаудың 5,4 пайызға, 62,9-дан 55,5-ке дейін, таралушылығы 84,5-тен 74,1-ге дейін төмендегенін (төмендегені 12,3 пайыз) дәлелдейді. Туберкулез бойынша негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштерінің төмендеуі тұрғындардың барлық жас ерекшеліктерінде байқалады.      
Балалар арасындағы аурушаңдықты талдау 100 мың тұрғынға шаққанда алғаш анықталғандардың абсолюттік санының 2015 жылғы 13-тен 2016 жылы 4-ке дейін азайғанын көрсетеді, азаю 3,3 есе, ал жасөспірімдер арасында 3 есеге 2015 жылғы 163,3-тен 54,7-ге дейін төмендеген (жасөспірімдер арасында алғаш анықталғандардың абсолюттік саны 18-ден 6-ға дейін азайған). Диспансерлік есепте тұрған белсенді аурулардың абсолюттік саны 2015 жылғы 495-тен 422-ге дейін төмендеген. Ұлттық туберкулезге қарсы бағдарламаның жетіскендігінің негізгі бір көрсеткіші емделудің тиімділігінің көрсеткіші болып отыр. 2016 жылы Бағдарлама сауығудың 82,2 пайызына қол жеткізді (ДДҰ-ның стандарты 75 пайыз). 
Туберкулезбен ауыратындарды есепке алу, емделуді бақылау және қадағалау үшін ТҚАД-інде туберкулезбен ауыратындарды байқау Ұлттық Регистрі ақпараттық компьютерлік Бағдарламасы іске асуда. Туберкулезбен ауыратындарды байқау Ұлттық Регистрі on-line тәртібінде жұмыс істейді. Деректер қоры 2017 жылдың бірінші қаңтарына 4544 адамды құрайды. Туберкулездің белсенді түрімен ауыратындар 422 адам, сауыққандар (белсенді емес) – 646 адам, бұрылмалылар – 2713, жанасқан тұлғалар – 887.
2016 жылдың қорытыныдысы бойынша өлім-жітім көрсеткіші 2015 жылғы 100 мың халыққа шаққанда 4,1-ге қарағанда 3,4-ті құрап, 17,1%-ға төмендеген.  
Қазақстан Дүниежүзілік Экономикалық Форумның «Туберкулездің таралуы» («Tuberculosis incidence») факторы бойынша 2016-2017 жылдарға арналған Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік туралы есебіне сәйкес 2016 жылдың қорытындысы бойынша 2015 жылмен салыстырғанда (140 елдің ішінен 101 орын) өз орнын 9 жайғасымға жақсартып, 138 елдің ішінен 92 орынды иеленді.
Туберкулезді бақылау бойынша жетістіктерге жетуге мүдделі мемлекеттік ұйымдардың ведомствоаралық, салааралық үйлесімді әрекеттері ықпал еткенін атап айту қажет.
Баспасөз-конференциясын «Казахстан Семей», «ТВК-6» телеарналары, «Вести Семей», «Семей таңы» газеттері жарыққа шығарды.
 
 
Семей қаласының салауатты өмір салтын
қалыптастыру проблемалары орталығы