Басы » Акимат » Жаңалықтар » 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!
8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!
Автор: Акимат
07-03-2017 11:28
8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!
Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған
қадірлі аналар, мейірімді әжелер
қымбатты да аяулы  арулар!
Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі
8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз
 
 
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні - ауқымы кең, мазмұны терең мереке. Бұл күн бүкіл халықтың жүрегіне жылылық ұялатып, жаныңа шапағат сыйлайтындығымен әсерлі. Асыл әжелеріміздің, ардақты аналарымыздың, сүйікті әпке – қарындастарымыздың мейірімді ықыласы, қуанышты күлкісі өміріміздің мәні мен сәні екенін әр кез жоғары бағалаймыз.
Қыз – келіншектердің қоғамдағы және отбасындағы орнын дұрыс тану, ерлігі мен еңбегін лайықты дәріптеу – азаматтық борыш, өмірлік қағида. 
Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол - мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын мүшесі.
Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын. 
Біздің семейлік әйел-аналарымыз бен апай-қарындастарымыздың қаланың гүлденуі мен өңіріміздің дамуына үздіксіз үлес қосып келе жатқандығын мақтан тұтамыз. Білім мен ғылым, мәдениет пен өнер, бизнес пен шаруашылық саласында өз ісінің майталманы, айналасының мақтанышы болып келе жатқан жерлес аруларымыз аз емес. Әйел затының еңбекқорлығы мен сабырлылығы, ізденімпаздығы мен алғырлығы қоғамдағы өз орындарын айқындап беруде.
Қадірлі аналар, қымбатты арулар!
Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер еш уақытта толастамасын. Көктеммен бірге келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз.
Отбасыларыңыздың ырысын, Отанымыздың ынтымағын арттыру жолындағы еңбектеріңіздің берекесі арта беруіне тілектеспіз!
 
 
 
Құрметпен, Семей қаласының әкімі Ермак СӘЛІМОВ, 
 
Қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек АҚЖАЛОВ