Басы » Акимат » Спорт » Әйелдер эстафетасы
Әйелдер эстафетасы
Автор: Акимат
09-03-2017 10:40
Әйелдер эстафетасы
2017 жылдың 6 наурызында Шульбинск кентінің «Надежда» спорт залында 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған, жылсайынғы әйелдер эстафетасы өтті, аталған эстафетаға 5 команда қатысты. Жарыс жас ерекшеліктеріне байланысты 2 кіші топ арасында өткізілді: 1 кіші топта Кәсіпкерлер командасы бірінші орынды, Орта мектеп-кешені командасы екінші орынды, Психиатриялық аурухана командасы үшінші орынды иеленді. Ал 2 кіші топта кент Құрама әйелдер командасы үздік нәтижеге, Шульбинск СЭС командасы екінші орын иеленді. Жүлдегерлер Шульбинск кенті әкімінің мақтау қағаздарымен марапатталды, ал жарыстың бас демеушісі «АЭС Шульбинск СЭС» ЖШС барлық жарысқа қатысушыларға сыйлық үлестірді. Кент клубы барлық қатысушыларға музыкалық нөмерлер тарту етті.     
 
Шульбинск кенті әкімінің аппараты