Басы » Акимат » Мәдениет » Жастар лаңкестікке қарсы
Жастар лаңкестікке қарсы
Автор: Акимат
17-03-2017 15:54
Жастар лаңкестікке қарсы
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Радиотехника және байланыс колледжінің 2 курс студенттерімен «Жастар лаңкестікке қарсы» атты дөңгелек үстел өткізілді. 
Шара басында кітапхана қызметкері қазіргі жағдайда лаңкестіктің мемлекетіміз бен әлемдік қоғамдастыққа қауіп төндіріп қана қоймай, қоғамда қолайсыз психологиялық ахуал тудыратынын, еш жазықсыз адамдардың өмірін қиятынын атап өтті. Бұдан әрі кітапханашы «террор», «терроризм», «экстремизм» ұғымдарына түсінік бере отырып, терроризмге қарсы күрес шараларының негізгі бағыттарына тоқталды. Діни-экстремистік және лаңкестік ұйымдардың әрекеттеріне көбінесе жастар тартылатыны жайлы фактілерге ерекше назар аударылды. 
Дөңгелек үстел барысында сөз алған студенттер Ж.И.Қасымханов пен А.Сембаев жастардың террористік және экстремистік іс-әрекеттердің кесірінен туындайтын қауіп-қатерлерді ескеріп, ешкімнің ықпалына түспей, дұрыс жолмен жүріп, оған қарсы тұруымыз керек деген ой-пікірлерімен бөлісті. Оқырмандар терроризм мен экстремизмнің алдын алу мәселелері, өмірге қауіп төнген жағдайда не істеуге болатыны жайлы сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбітті. 
Шара соңында «Жастар лаңкестікке қарсы» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды. 
 
Қалалық орталық кітапхана