Басы » Акимат » Жаңалықтар » Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Автор: Акимат
21-03-2017 13:56
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Құрметті семейліктер!
Қадірлі қала қонақтары!
 
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Жыл басы Наурыз – жаңарудың, жаңғырудың жаршысы. Бұл күні береке-бірлік, жақсылық тілеу жалпыхалықтық сипат алады.
Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат – анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен ынтымақтың арқауы деп бағалаған. 
Күн мен түн теңескен наурыз – жаңару мен жасару айы. Наурыз –табиғатты түлетіп, тұрмысты түзететін, тіршілік бүр жарған көктем мен еңбек тойы. Жаңа жылдың жаршысындай бұл күнді халқымыз ақ тілеудің, пәк пейілдің күні деп бекер айтпаса керек. 
 
Қадірлі жерлестер! 
 
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен  шын көңіл, ақ ниетпен құттықтаймыз! 
Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған әз Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін. Ел игілігі үшін жасалған барлық бастамаларыңызға сәттілік, отбасыларыңызға амандық, құт-береке  тілейміз. 
Ұлысымыз оң, ақ мол болсын, ағайын!   
 
Құрметпен,Семей қаласының әкімі  Ермак СӘЛІМОВ,
Қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек АҚЖАЛОВ