Басы » Акимат » Жаңалықтар » Семей қаласы Наурыз мерекесін атап өтті
Семей қаласы Наурыз мерекесін атап өтті
Автор: Акимат
24-03-2017 09:02
Семей қаласы Наурыз мерекесін атап өтті
Мерекелік шараларға семейліктер ерте жиналды. Орталық алаңда құрылған киіз үйлердің ретімен сән түзеп, құрылған алтыбақандар алыстан көз тарта алаң ажарын ашып, қалалықтарға мерекелік көңіл күй сыйлады.
Салтанатты шара қала әкімі Ермак Сәлімовтың қала жұртшылығын  Наурыз мерекесімен құттықтауымен ашылылып, қаланың  шығармашылық ұжымдары, колледж және мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен әзірленген түрлі қойылымдармен жылғасты.
Биылғы Наурыз мерекесінің жылдағыдан ерекше екендігі қалалықтарға бірден аңғарылып тұрды. Әр мекеме бұл мейрамға өзіндік тарту әзірлеп, қолда бар базарлықтарымен келді.
Биылғы жылы Семей қаласы бойынша 40-қа жуық киіз үй тігілген болатын, киізүйді мерекелік салтанатқа сай жабдықтау бойынша  арнайы комиссия құрылып үздіктер анықталды.
Орталық алаңда тігілген 19 киіз үйдің ішінен Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университетінің киіз үйі үздік деп табылса, қаланың сол жағалауында тігілген киіз үйлердің арасынан  «Цемент зауыты» ЖШС  киіз үйі үздік атағын иеленді.
Жүлде иелері «Экспо 2017» халықаралық көрмесін тамашалауға арналған арнайы билеттермен, бағалы силықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Мерекелік іс-шараға 20 мыңға жуық халық қатысты.
 
Ішкі саясат бөлімі