Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » «Фаст-фуд мен үшін емес!!!» акциясы
«Фаст-фуд мен үшін емес!!!» акциясы
Автор: Акимат
13-04-2017 10:17
«Фаст-фуд мен үшін емес!!!» акциясы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15-ші қаңтардағы №176 Жарлығымен бекітілген, 2016-2019 жылдарға «Денсаулық» денсаулықты дамыту Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша онкүндіктің аясында 6-7 сәуірде Семей қаласының салауатты өмір салты Орталығы балалар көркемөнер мектебінде «Фаст-фуд мен үшін емес!!!» акциясын ұйымдастырды және өткізді.
Мақсаты: балаларға салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, адам өмірінде дұрыс тамақтанудың рөлі туралы түсінік беру.
Іс-шара СӨС дәрігері Г.Т.Кобаеваның фаст-фудтың зияндылығы туралы таныстыру рәсімімен басталды. Акцияға қатысушыларға пайдалы тамақтану туралы слайдтар көрсетілді. Көркемөнер мектебінің тәрбиеленушілері тамақтану туралы жауаптар берді және сұрақтар қойды. Әрі қарай «Фаст-Фудқа жол жоқ!» тақырыбына конкурс өтті. Конкурсқа 1,2,3 курс оқушылары, сондай-ақ 6 – 10 жас санатындағы жастар тобындағы балалар қатысты. Конкурстың аяғында жюри мүшелері баға берді, конкурс жеңімпаздарын анықтады және салтанатты жағдайда мақтау қағаздары мен бағалы жүлделерді табыс етті. 
Конкурс жеңімпаздары болғандар:
1 орын Задаева Назым.
2 орын Дүйсенбаева Әмина.
3 орын Жұмағазина Әрнике, Тархова Вероника, Отарбаева Дильназ.
 
Семей қаласының салауатты өмір салты орталығы