Басы » Акимат » Қоғам » Көркемөнерпаздар байқауы
Көркемөнерпаздар байқауы
Автор: Акимат
19-04-2017 15:54
Көркемөнерпаздар байқауы
2017 жылдың 18 сәуірінде «Шульбинск жалпы орта білім беретін мектеп» КММ акт залында «Алаш орда» үкіметінің құрылғанына 100 жыл және қазақтың ұлы жазушысы М. О. Әуезовтың туғанына 120 жыл толуы аясында, жастар арасында патриоттық сезімді тәрбиелеу, барлық жанрлардағы өнерлерді және шығармашылық көркем өнерлерін дамыту мақсатында көркемөнерпаздар байқауы ұйымдастырылып өткізілді. 
Концерт Әлиханова Айнұрдың жетекшілігімен «Домбыра» ансамблінің «Сарыарқа» (ОМ) күйімен басталды. «Сарбазы» (ОМ) гитарашылар ансамблі Кирилина Наталья жетекшілігімен «Карнавал» туындысын орындады. Кіші бишілер тобы (жетекшісі клуб қызметкері Томирова Шынар) «Ақ көгершін» биін көрермендер назарына ұсынып, көктемгі құстар биін еске түсірсе, «Қазақстан», «Земля Казахстана» (ОМ) атты әдеби композициясы халықтың жеріне деген сүйіспеншілігін және тәуелсіздікті ту еткен зиялылар ойын жеткізді. Байқау қатысушыларының  орындауында патриоттық және эстрадалық әндер шырқалды.
Концерт соңында әділқазы мүшелері ерешеленген қатысушыларды дипломмен марапаттады. 
 
Шульбинск кенті әкімінің аппараты