Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » Вакциналар әсер етуде
Вакциналар әсер етуде
Автор: Акимат
20-04-2017 12:11
Вакциналар әсер етуде
Қазақстан Республикасындағы екпе егудің Ұлттық күнтізбесіне11 жұқпаға қарсы 9 жоспарлы егу кіреді: вирусты гепатит «В», туберкулез, күл ауруы, көкжөтел, сіреспе, полиомиелит, қызылша, қызамық, эпидемиологиялық паротит, пневмококктық жұқпа және гемофильдік жұқпа. Аурушаңдық деңгейінің күрт өсуі мен өлім-жітім жағдайларын болдырмау мақсатында тұрғындарға эпидемиялық көрсеткіштер бойынша да екпе егіледі: құтыру, бруцеллез, «А» вирусты гепатит, кене энцефалиті, лептоспироз, күйдіргі, туляремия және тағы басқалар. 
Қазақстан  екпе егу барлық тұрғындарға тегін және қол жетімді болып табылатын  аз мемлекеттердің  қатарында тұр. Көптеген ата-аналар балаларына «вакцина салдыру керек пе, әлде оның қажеті жоқ па?» деген күрделі таңдауды бастарынан өткізеді. Бір жағынан баланы жұқпалы аурулардан қорғау ниеті болса, екіншіден бұқаралық ақпарат құралдарында және  интернет желісіндегі негізсіз, жаңсақ пікірлерден кейін туындаған – екпе егуден кейін болатын өтпелі жағымсыз әсерлерден қорқу. Соған қарамастан әр ата-ана өздері бала кезінде жұқпаларға қарсы вакцина алған,  қазіргі таңда  соның арқасында олар көптеген жұқпалы аурулардан қорғалған.Екпе алу немесе алмау әркімнің өз шешімі,бірақ екпеден бас тарту кезінде жақсылап ойланып және жұқпалы ауруларды жұқтыру  және  аурудың  асқыну  қауіпін бағалау керек.
Интернет желісіндегі кездейсоқ, екпе егуге қатысы жоқ  сауатсыз күмәнді ақпараттарға сенбей, кәсіптік санаты жоғары медициналық мамандардың кеңестерін басшылыққа ала отырып, соңғы шешім қабылдау керек.
Дамыған елдердегі көптеген адамдар екпе егудің тиімді жоспары бойынша екпе егу арқылы алдын алуға болатын жұқпалы аурулардың жойқын әсерлерін өздерінде сезінген жоқ, Аурушандық деңгейінің төмендеуіне байланысты кейбір адамдар ауруға қарағанда екпе егу кауіпті деп ойлайды,бірақ бұл ең үлкен жаңсақ ойлардың бірі болып табылады.
Екпе алу –ол әркімнің  өмірге және денсаулыққа  құқығы! Әркім- саналы таңдау жасайды!
 
Семей қаласының салауатты  өмір салтын
 қалыптастыру проблемалары орталығы