Басы » Акимат » Мәдениет » «Бәріміз кітап оқимыз!»: флэш-моб
«Бәріміз кітап оқимыз!»: флэш-моб
Автор: Акимат
21-04-2017 17:54
«Бәріміз кітап оқимыз!»: флэш-моб

21 сәуір күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Семей қаласының жастар ресурстық орталығымен 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай жастардың рухани байлығын молайтып, елімізде оқу мәдениетін дамытумақсатында «Бәріміз кітап оқимыз!» атты флэш-моб  ұйымдастырды. Шараға қаламыздың көпсалалы, радиотехника және байланыс, Д.Қалматаев атындағы колледждерінен 50-ден аса  студент қатысты. Кітапхана жұмысының бір бағыты - жастардың басын қосып, игілікті істерге жұмылдыру  дейтін болсақ, бүгінгі күні алғыр да парасатты, белсенді, білімді жастарды тәрбиелеу, интеллектуалды ұлт қалыптастыру  уақыт талабы. Шара барысында студенттер бірнеше қатармен қолдарына кітап ұстап, музыканың ырғағымен билеп, музыка тоқтаған кезде кітаптарын жоғары көтеріп белгілі бір қимылда 30 секунд қозғалмай тұрды. Содан соң музыка қайта  ойнаған кезде,  оның ырғағмен қайта биледі. Кітапхана ғимаратының алдында ұйымдастырылған шараға қала жұртшылығы ерекше көңіл аударды. Флэш-мобтың мақсаты да осы, елдің кітапқа деген назарын аудару.Шара соңында жастар ашық тұрған кітапты бейнелеп,  қатар түзеп тұрды. Кітап оқуды насихаттауға бағытталған шаралар мұнымен аяқталған жоқ,  мұндай игілікті істер қаламызда әлі де жалғасын таппақ.

Абай атындағы кітапхана