Басы » Акимат » Экономика және бизнес » Негiзгi капиталға инвестиция жұмсау 2017 жылғы қаңтар-наурыз
Негiзгi капиталға инвестиция жұмсау 2017 жылғы қаңтар-наурыз
Автор: Акимат
25-04-2017 10:57
Негiзгi капиталға инвестиция жұмсау  2017 жылғы қаңтар-наурыз
2017 жылғы қаңтар-наурызында (қосымша бағалауды есепке алғанда) негiзгi капиталдың инвестиция көлемі 4379,7 млн. теңгені, 2016 жылдың қаңтар-наурызындағы деңгейіне 100,6%-ды құрады.
Инвестицияның негізгі бөлiгi (52,8%-ы) машиналар, жабдық, құрал саймандар, мүкәммал (күрделі жөндеуді қоса) жумыстарында қолданылды.
Жылдың басынан іске қосылған негізгі қорлар 12867,5 млн. теңгенi құрады, олардың 11121,8 млн. теңге (86,4%-ы) – білім беру жүйесінде, 1035,4 млн. теңге (8,0%-ы) – өнеркәсіп саласында, 234,5 млн. теңге (1,8%) – көлік және қоймалау саласында, 230,9 млн. теңге (1,8%-ы) – жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда,  103,5 млн. теңге (0,8%-ы) – көтерме және бөлшек саудада, 42,2 млн. теңге (0,3%-ы) – ауыл, орман және балық шаруашылығында, 36,3 млн. теңге (0,3%) – ақпарат және байланыста, 24,6 млн. теңге (0,2%) – қаржы  және сақтандыру қызметінде, 14,5 млн. теңге (0,1%) –кәсіби, ғылыми және техникалық қызметінде, 13,6 млн. теңге (0,1%-ы) – әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметінде.
 
 
Статистика басқармасының басшысы
Б. Мешелов