Басы » Акимат » Қоғам » Жас қызметкерлер ант қабылдады
Жас қызметкерлер ант қабылдады
Автор: Акимат
25-04-2017 12:27
Жас қызметкерлер ант қабылдады
20 сәуір күні Орталық алаңда Семей қалалық ІІБ жеке құрамының дәстүрлі саптық байқауы және жаңадан жұмысқа алынған қызметкерлердің салтанатты ант қабылдау рәсімі болып өтті. Қазақстан полициясының 25 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келген іс-шарада 38 жас полицей  ант қабылдады. Салтанатты рәсімге ішкі істер басқармасының басшылығы, ішкі істер органдарының ардагерлері, жас қызметкерлердің ата-аналары мен туыстары қатысты.
«Ант беру - халыққа және елге адал қызмет етудің белгісі. Қоғамдағы қауіпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз етуде тәртіп сақшыларына үлкен жауапкершілік жүктелген. Сол сенімді ақтау үшін ширек ғасырда кешенді шаралар жүзеге асырылып, жетістіктерді еселеу көзделген», - деді Семей қ.ІІБ бастығы полиция полковнигі А.Т. Қасқабаев.
Жас қызметкер А. Серікболұлы «Бұл мен үшін ерекше күн, ерекше оқиға. Себебі  ант қабылдау өмірде  бір-ақ рет болатын ең ыстық сәт. Мен ерекше бір сезімде  қатты толқып тұрмын. Еңді  міне біз нағыз толық қанды  полиция қызметкеріміз.  Отан алдында адал қызмет етіп, қандай жағдай болмасын  қылмысқа қарсы күресте аянбай еңбек етіп, ел тыныштығын сақтауға өз үлесімді қосатын боламын»-  деп  өз сезімімен  бөлісті.
Салтанатты рәсімнен кейін құқыққорғау органының жас және қызмет атқарып жүрген қызметкерлері саппен алаңда жүріп өтті. ҚР Ұлттық Гвардиясының 5511 әскери бөлімінің оркестрі салтанатты рәсімді  патриоттық әндермен сүйемелдеді. Шара барысында Жедел қимыл арнайы жасағы тосқауыл қоюдағы тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ Отандық полицияның ширек ғасырлық мерейтойына орай, тәртіп сақшылары сап түзеу арқылы «Ішкі істер органдарына - 25 жыл» сөзін жазу арқылы флеш-моб ұйымдастырды. 
 
 
Семей қалалық ІІБ