Басы » Акимат » Қоғам » Қазақстанда апостиль қойылған сотталмағандығы туралы анықтаманы беру мерзімі қысқартылды
Қазақстанда апостиль қойылған сотталмағандығы туралы анықтаманы беру мерзімі қысқартылды
Автор: Акимат
28-04-2017 09:54
Қазақстанда апостиль қойылған сотталмағандығы туралы  анықтаманы беру мерзімі қысқартылды
Соттылығының бары немесе жоғы туралы анықтама беру мерзімі бүгінгі күннен бастап қазақстандықтар үшін 22 күннен 8 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Композиттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетімен бірлесе отырып, іске қосты.   
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуы бойынша, бұл пилоттық жоба шетелге шығуға сотталмағандығы туралы апостиль қойылған анықтама қажет болған қызмет алушыларға ыңғайлы болу үшін іске қосылған. «Бұрын азамат соттылығының бары немесе жоғы туралы апостиль қойылған анықтама алу үшін ХҚКО-ға екі мәрте баратын еді. Бастапқыда - сотталмағандығы туралы анықтама алу үшін,  мұны күтуге 5 жұмыс күні кететін, одан кейін - апостиль қойғызу үшін, оны әзірлеу мерзімі күнтізбелік 17 күнді құрайтын. Осының барлығына шамамен 22 жұмыс күні кететін. Қазіргі кезде азамат апостиль мөртабаны қойғызылған, сотталмағандығы туралы анықтама алуға бір өтініш береді, ал осы қызметті көрсету мерзімі сегіз жұмыс күніне дейін қысқартылды»,- деді   А. Оспанов.   
Композиттік қызметті алу үшін азамат жеке басын куәландыратын құжатты (немесе клиенттің мүддесін үшінші тұлға білдірген кезде - нотариалды куәландырылған сенімхат), мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртекті ұсынуы, сонымен бірге ХҚКО-да өтінішті толтыруы тиіс. 
Халықаралық талаптарға сәйкес апостиль мөртабаны қойылған, соттылығының бары немесе жоғы туралы қағаз нысанындағы анықтама мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесі болып табылады.     
 
 
 
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес
акционерлік қоғамы баспасөз қызметі