Басы » Акимат » ТКШ, сәулет және құрылыс » Жолаушылар поездарыньң қатынауы бойынша
Жолаушылар поездарыньң қатынауы бойынша
Автор: Акимат
04-05-2017 09:22
Жолаушылар поездарыньң қатынауы бойынша
Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық - мамандандырылған көрмесін өткізу кезеңінде әлемнің 100-ден астам елі мен 10-нан астам халықаралық ұйымдары катысады. Кормені 2-3 миллионнан астам адам тамашалайды деп күтілуде.
Осы орайда жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету үшін Астана қаласы мен еліміздің өзге өңірлері арасында қатынайтын жолаушылар поезының санын арттыру кажет.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің келісімі мен 3 ай мерзімге (ағымдағы жылғы 1 маусымынан 12 қыркүйекке дейін) №49/50 Алматы-2-Ақтөбе жолаушылар поезыньң қатынауы тоқтатылып, №69/70 Алматы-2-Защита жолаушылар поезының қатынау жиілігі кун ара жиілігіне қысқарады.
«Тулпар - Тальго» ЖШС вагондарынан тұратын босатылған құрамдар Астана - Манғышлак, Астана - Атырау және Астана - Шымкент бағыттарына қатынайтын болады.
 
"Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" АҚ