Басы » Акимат » Спорт » Спартакиада
Спартакиада
Автор: Акимат
04-05-2017 09:59
Спартакиада

Қаламызда «Ішкі саясат» бөлімінің қолдауымен Семей жастар ассамблеясының ұйымдастыруымен спорт ойындарынан жастар ұйымдары арасында 28-30.04.2017ж. аралығында  спартакиада болып өтті. Баскетбол, волейбол, үстел теннисі, футбол ойындарына 400 ден аса жастар белсене қатысты. Баскетбол, волейбол , үстел теннисі сынды ойындар оқу орындарының жастары арасында өрбіп , жеңімпаздар анықталып мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды. Баскетболдан ҚазИГЗУ құрамасы 1 орынға ие болды, волейболдан 1 орынды педагогикалық колледждің қыздары иеленді. Футбол ойыны қызығы жастар ұйымдарының белсенді қатысуымен есте қалды. Жиыны 12 команда қатысқан жарыста Жасыл Ел еңбек жасақтары 1 орынмен көзге түсті.  «Нұр Отан» партиясының құрамасы және Әкімшіліктің қатысуы жарысқа өзгеше серпін берді. 

Ішкі саясат бөлімі