Басы » Акимат » Қоғам » Ұлтаралық келісім мен қазақстандық сәйкестік туралы
Ұлтаралық келісім мен қазақстандық сәйкестік туралы
Автор: Акимат
10-05-2017 14:54
Ұлтаралық келісім мен қазақстандық сәйкестік туралы
«ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры негізінде ағымдағы жыл бойы қазақстандық сәйкестік пен  ұлтаралық келісімді нығайту және қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-оқыту кампаниясын қарастыратын Әдістемелік орталық әрекет ететін болады (жоба «ШҚО ішкі саясат басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылады).
Аталмыш жоба аясында ұлтаралық келісім мен бірлік мәселелерін жан-жақты талқылауға мүмкіндік беретін  іс-шаралар кешені қарастырылған. 
Ақпараттық-оқыту кампаниясы аясында «Азаматтық бастамалар мектебі: шығу тегі түрлі, мүмкіндіктері бір»  семинар-тренингтері, Шығармалық зертханалары мен Қоғамдық пікірталастар, әлеуметтік желілерде өзін қауіпсіз ұстау мәселелері бойынша ТжКББ  мекемелері мен ЖОО студенттерінің қатысуымен түрлі кездесулер қарастырылған. Іс-шаралардың өткізілу мерзімі қосымша хабарланып отырылады. 
Жобаның екінші құрамдасы, ақпараттық-әдістемелік бөлім бейнесабақтар, қалта анықтамалықтарын, әлеуметтік шиеленістерді реттеуге бағытталған жадынамаларды, тақырыптық PR-өнімдерді, жастар және тұрғындармен жұмыс істеуге үйрететін түрлі әдістемелік материалдарды шығару  мен жоба барысы туралы мақалалар жазуды қарастырады. 
Жобаның іс-шараларына қатысу үшін мемлекеттік сала, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Достық үйлері, ҮЕҰ, жастар орталықтары, Қоғамдық кеңестер, Қоғамдық келісім кеңестерінің өкілдері және қоғамдық пікір көшбасшылары шақырылады.  
Жобаға қатысуға ниет білдіргендер «ЗУБР» әлеуметтік корпортаивтік қорының кеңсесіне Кнауб Екатеринаға хабарласа алады:   телефоны 8 (7232) 51-33-88 немесе электрондық поштасы zubr-kz@mail.ru.
 
ЗУБР" әлеуметтік корпоративтік қоры