Басы » Акимат » Хабарландыру » ШҚО «Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға ішкі конкурс жариялайды
ШҚО «Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға ішкі конкурс жариялайды
Автор: Акимат
15-05-2017 10:36
12.05.2017
 
Шығыс Қазақстан облысының «Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ, 071405. ШҚО, Семей қаласы, Интернациональный көшесі 8, анықтама  үшін телефондар:  8(7222) 567134,  «электрондық мекенжай адрес: sh.edilbaeva@akimvko.gov.kz. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға Семей қаласы бойынша жергілікті мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері ішінде ішкі конкурс жариялайды:

1. Семей қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық жұмыс  бөлімінің бас маманы, 
лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай 77288 теңгеден 99106 теңгеге дейін    (E -4), 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, облыс әкімінің, оның орынбасарларының және қала әкімінің  тапсырмаларын  іске асыру бойынша ауылдық округтермен  кенттер әкімдерінің жұмысына жетекшілік ету.
Қала әкімінің ауылдық округтер мен кенттер тұрғындарының алдында есеп беруін әзірлеу және өткізу. Тұрғындардың есептік кездесулерде айтылған сын ескертпелерінің және ұсыныстарының орындалу барысын бақылау және талдау. Қала әкімінің ауылдық округтер мен кенттердің тұрғындарымен жиынын әзірлеу және өткізу. Қала әкімініңауылдық округтер мен кенттерге сапары бойынша шараларды өткізуді әзірлеу және бақылау. Ауылдық округтер мен кенттер әкімдерінің жұмыс жоспарларының орындалуын бақылау, талдау және жинау. Қала әкімінің   қатысуымен қоғамдық – саяси шараларды әзірлеуді және өткізуді  ұйымдастырады.       
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары  білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік (гуманитарлық немесе білім немесе экономика және бизнес немесе құқық салаларындағы  немесе мемлекеттік және жергілікті басқару)  білімі барларға рұқсат етіледі.
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
     
2. Семей қаласы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің мемлекеттік тілді дамыту және енгізу жөніндегі бас маманы,
лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай 77288 теңгеден 99106 теңгеге дейін    (E -4), 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Кадр мәселелері бойынша конкурстық комиссиялардың қызметтерін ұйымдастыру. Конкурстық іріктеу жүргізу ісін бақылауды, мемлекеттік қызметшілердің қызмет бойынша жоғарылауын, мемлекеттік қызметшілерді жұмыстан шығаруды жүзеге асыру.
Мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметке өтуімен байланысты құжаттарды рәсімдеу. Мемлекеттік қызметке орналасумен байланысты шектеуді сақтауды қамтамасыз ету. Өкімдер мен бұйрықтарды, іссапарларды  дайындау. Бөлімдердің статистикалық есебінің уақтылы талдануы.  Еңбек кітапшаларын толтыруды, бұйрық пен қаулының тіркелуін қадағалау.  Кадрлық мәселелер бойынша барлық ауылдық округтер мен кенттер әкімдерінің аппарат бөлімдерінің жұмысын қадағалау және үйлестіру. Е-қызмет жүйесін жүзеге асыруды үйлестіру. Ақпараттық жүйенің қызметін ұйымдастыру.
Мемлекеттік органның интранет порталымен қызметін ұйымдастыру, үнемі бақылауда ұстау, порталға өзгерістер енгізу және жаңарту ( ИПГО). Барлық дербес бөлімдердің және ауылдық округтер мен кенттер әкімдерінің аппаратының кадр қызметін бақылауды жүзеге асыру.
Кадр мәселелері бойынша әкім аппараты бөлімдерінің жұмысын қадағалайды және үйлестіреді.  Бөлім басшысының және басқа маман болмағанда міндетін атқарады. Бөлім басшысының тапсырмаларын орындайды. Өз міндеттерін сапа менеджменті жүйесіне (СМЖ) сәйкес атқарады.
Бас маманның басқа да құқықтары мен міндеттері «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес анықталады.       
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 
Жоғары білім,  мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік (гуманитарлық немесе білім немесе экономика және бизнес немесе құқық салаларындағы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) білімі  барларға рұқсат етіледі.
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.     
Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

3. Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің иесіз тұрғын үйді есепке алу жөніндегі секторының бас маманы, лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін    (ER -4), 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік тұрғын үй қорын, иесіз және иесіз қалған үй-жайды есепке алу және түгендеу, тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламаларының шеңберінде пайдалануға берілген (сатып алынған) баспананы өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.  Қала және облыс әкімдіктерінің қаулыларын, сектор меңгерушісінің, бөлім басшысының, оның орынбасарларының тапсырмаларын орындайды;тұрғын үй мәселелері бойынша Бөлім басшылығы, қала және облыс әкімдіктері үшін материалдар дайындайды; өзіне берілген өкілеттіктер шеңберінде жұмыс топтары мен комиссияларының жұмысына қатысады. Қажет болғанда бұқаралық-ақпарат құралдарында ақпараттар, түсіндірулер береді. Мемлекеттік тұрғын үй қорын, иесіз және иесіз қалған үй-жайды есепке алу және түгендеу, тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламаларының шеңберінде пайдалануға берілген (сатып алынған) баспананы өткізу жөніндегі жұмыстарға қатысты дербес материалдарды  Бөлімнің мұрағатында сақтау үшін дайындайды және өткізеді. Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламаларының шеңберінде пайдалануға берілген (сатып алынған) баспананы өткізу үшін азаматтардан өтініштер қабылдауды, ипотекалық несиелеу бағдарламасы бойынша азаматтардан өтініштер қабылдауды, тұрғын үй комиссиясының отырысына материалдар дайындауды жүзеге асырады.Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өткізу жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады; сотта және басқа мемлекеттік органдарда бөлімнің мүдделі өкілі болады.  Компьютерлік мәліметтер базасына ақпараттар енгізеді, сонымен бірге оларды электрондық тасымалдаушыда сақтайды. Басшылардың бұрыштамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз уақытында қарайды және дәлелді жауаптар дайындайды, ол үшін жеке жауапкершілік жүктейді
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған  жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік (құқықтық) білімі барларға рұқсат етіледі.      
Жоғары білім болған жағдайда  жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.       
Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

 4. Семей қаласының білім бөлімінің мектепке дейінгі және орта білім секторының  бас маманы, лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай  73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін    (ER -4), 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: «Білім туралы» ҚР Заңының, мектептің және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері бойынша ҚР Үкіметі және Білім және ғылым министрлігі қаулыларының орындалуын ұйымдастыру; Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және мектепалды даярлық бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының орындалуын бақылау; Балалардың мектепке дейінгі мекемелерінің жұмыс жағдайын ұйымдастыру мен бақылау; Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің дамуын болжау;  Балалардың мектепке дейінгі мекемелер мен шағын орталықтар желісі және балалар контингентінің мониторингі (қамтылуы); Мектепке дейінгі ұйымдар мен шағын орталықтар топтарының, мектепалды даярлық сыныптарының, білім беру мекемелерінің ақылы қызмет шеңберінде ұсынатын оқу жоспарларының сапасының мониторингі; Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың статистикалық есебін ұйымдастыру; Білім беру бойынша аумақтың дамуын болжау (АДБ), индикаторлардың орындалуын талдау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (білім) білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы лауазымынан функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Жоғары білім бар болған жағдайда, жұмыс өтілі талап етілмейді.
Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

5. Семей қаласының білім бөлімінің тәрбие жұмысы  секторының  бас маманы, лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай  73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін    (ER -4), 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен  қылмысты, нашақорлықты, маскүнемдікті, темекі тартуды, ЖИТС алдын алу мәселелерін ұйымдастыру мен бақылау. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс бойынша мониторинг жүргізу. Білім беру мекемелеріндегі оқушыларға құқықтық тәрбие беруді бақылау. Оқушылардың қылмыстық істері бойынша сот отырыстарына қатысу. Кәмелетке толмағандарды арнаулы мектепке жіберу мәселелері. Наркобекеттердің, сенім телефонының жұмысы.  Кәмелетке толмағандардың үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру; Оқушылардың жазғы демалысы мен каникул кезіндегі демалысы және оқушылардың сабақтан тыс уақытында қамтылуын ұйымдастыру жұмысын ұйымдастыру мен бақылау.  Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді бақылау. Балалардың жол-көлік оқиғаларынан жарақаттануын алдын алу жұмысын ұйымдастыру мен қадағалау, осы бағытта және жазатайым оқиғалар бойынша мониторинг жүргізу; Зайырлы сипатта оқыту заңнамасын орындау жұмысын, діни экстремизм мен терроризмді алдын алу мәселелерін қадағалау, мониторинг жүргізу; Білім беру мекемелерінің балалары мен жасөспірімдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы алдын алу жұмысын бақылау;  Мектептің КТК Лигасының жұмысын қадағалау; Білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысын бақылау; Білім беру мекемелерінде төтенше жағдайлар бойынша іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру; Нысандар бойынша есептерді жинақтау мен жасау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар Жоғары (білім) білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы лауазымынан функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Жоғары білім бар болған жағдайда, жұмыс өтілі талап етілмейді.
Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

6. Семей қаласының білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық секторының  бас маманы, лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай  73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін    (ER -4), 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын жалпы талаптар:
1) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптарды;
2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;
3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі;
4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «ШҚО Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық пошта sh.edilbaeva@akimvko.gov.kz.,  не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында ішкі конкурс өткізілетіні туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде ШҚО Семей қаласы, Интернациональный көшесі 8, «Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, телефондар:  8(7222) 567134  ұсынылуы қажет.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Жұмыстың айқындылығын қамтамасыз ету үшін конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешiмiмен келіспеген жағдайда конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешiмiне шағымды ШҚО, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы,4 мекенжайы бойынша беруге болады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «ШҚО Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.
       
Хабарландыруға қосыша