Басы » Акимат » Қоғам » Шығыс Қазақстандықтар ХҚКО өздерінің әлеуметтік мәртебесін біле алады
Шығыс Қазақстандықтар ХҚКО өздерінің әлеуметтік мәртебесін біле алады
Автор: Акимат
15-05-2017 14:44
Шығыс Қазақстандықтар ХҚКО өздерінің әлеуметтік мәртебесін біле алады
Шығыс Қазақстан облысы бойынша «ХҚКО» депрартаментінде жұмыспен қамту бөлімдерінің мамандары өздерінің жұмысын бастап кетті.
Жұмыспен қамту орталықтарының мамандары келушілерге міндетті медициналық сақтандыру мәселесі бойынша кеңестер береді.
Сонымен, ХҚКО жүгінген әрбір азамат медициналық сақтандыру, тұрақты жұмысқа орналасу, оқу орындары түлектерін жастар тәжірибесіне жіберу, еңбек нарығында талап етілетін мамандарды дайындауға және қоғамдық жұмыстарға жіберу сұрақтары бойынша толық жауаптар ала алады.
Міндетті әлеуметтік сақтандырауды ресімду үшін азаматтың әлеуметтік мәртебесі туралы ақпаратты алу керектігін атап өткен жөн. Қазіргі уақытта азаматтың әлеуметтік мәртебесін ХҚКО департаментінің ҚҚП және egov.kz. электронды үкімет порталынан алуға болады. Бірінші жағдайда, жеке куәлікпен халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет, екінші жағдайда - egov.kz. порталына тіркеліп «Әлеуметтік мәртебені тексеру» қызметін таңдау қажет.
Қазіргі күні, шығыс қазақстандықтар және Өскемен қаласы қонақтары өздерінің әлеуметтік мәртебелерін келесі мекенжайлар бойынша орналасқан халыққа қызмет көрсету орталықтарының немесе ХҚКО фронт - офистерінің өзіне – өзі қызмет көрсету секторындағы қоғамдық қолжетімділік пункті арқылы білуге болады:
 
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалы –ХҚКО» департаменті