Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » Халықаралық отбасы күні
Халықаралық отбасы күні
Автор: Акимат
15-05-2017 15:13
Халықаралық отбасы күні
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының республикада 2017 жылдың 15 мамырында «Отбасы, салауатты өмір салты және тұрақты болашақ!» ұранымен Халықаралық отбасы күні өткізіледі.
Отбасы – ең көп таралған әлеуметтік ұйымның түрі, сонымен қатар қоғамның іргелі институттарының бірі. Отбасының маңызды қызметінің бірі – баланы әлеуметтендіру. Отбасында адамдар арасында ғана болатын ең жақын қарым-қатынас болып, онда әлеуметтік мирас заңы байқалады. Балалар мінезіне және мінез-құлқының стилімен өз ата-аналарына ұқсайтын болады. Отбасында денсаулықтың генетикалық, биологиялық және әлеуметтік негіздері қалыптасады. Жақсы отбасы балаға оған ықыласпен қарауға дағдыландырып, дұрыс тамақтану, еңбек пен демалыс тәртібі, сонымен қатар денсаулыққа ненің зиянды болатыны туралы түсінік қалыптастырады.
Республикада алғаш рет Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы балалық шақтағы семіздікті қадағалау (және оқушылардың өз денсаулықтарына қатысты мінез-құлықтарын зерттеу жөнінде ДДҰ-ның Еуропалық бастамасы бойынша зерттеу жүргізіп, оның барысында 11-13-15 жастағы балалардың денсаулықтарына өмір салтының әсері және жасөспірімдердің денсаулықтарын нығайтатын әдістер туралы мәліметтер алынды. 
Ата-анамен қарым-қатынас денсаулықты қалыптастырудың, құндылықтарды дамытудың ресурстарының бірі болғандықтан, күйзеліске төзімділіктің негізі болып табылады. Зерттеу нәтижелері 84,8 % сұхбат беруші анасымен қарым-қатынасын «өте жеңіл» және «жеңіл» деп, ал тек 69 %-ы әкесімен қарым-қатынасын белгілеген. Әкесімен қиын қарым-қатынаста сұхбат алынған 7.8% қыз бен 15,0% ұл бала құрайды. 7,3% қыз бен 16,0% ұл бала әкесімен сөйлеспейді.
Өз денсаулықтарын сипаттау кезінде жасөспірімдер «өте жақсы» және «жақсы» ретінде 11 жастағы 88,3 %, 13 жастағы  90,3 %, 15 жастағы   87,9 % бала оны жеткілікті жоғары бағалаған. Өз денсаулықтарын 13,1%-ы қанағаттанарлық немесе нашар деп есептейді. 15 жастағы 21,2 % қыз бен 13,7% ұл баланың созылмалы аурулары бар.  
Балалардың тамақтануы дұрыс тамақтану ережесіне толық сәйкес келмейді. Күн сайын жұмыс күні аптасына 5 рет 69,5 %, үлкейген сайын күн сайын таңғы ас ішпейтін балалардың саны 11 жаста 5,4 %-дан 15 жаста 7,9 %-ға дейін артуда, аптасына бір рет немесе одан да аз көкөніс пен жеміс тұтынатын оқушылар 17,0 %-ға жуық, есейген сайын күн сайын тәтті жейтін балалардың үлесі 11 жаста  12,7 %-дан 15 жаста  18 %-ға дейін артуда.
Дене белсенділігінің таралуының төмендігі анықталды, күн сайын 11, 13, 15 жастағы  29,8 %-ға оқушы жаттығу жасайды, есейген сайын дене белсенділігінің деңгейі төмендейді. 
Жас адамдардың жыныстық мінез-құлқы қауіпсіз емес және олар мезгілсіз жүктіліктің алдын алу мен жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардың жұғуы туралы хабардар емес. 
Қоғамдық денсаулықты сақтау үшін салауатты өмір салтын сақтанатын, өмір бойы өзін-өзі сақтайтын мінез-құлықты қалыптастыруды ұстанатын, сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бағдарламасына белсенді қатысушы әр қазақстандықтың рөлі маңызды. 
 
Семей қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы