Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » Өзіңді жұқпадан қалай сақтауға және басқаларға жұқтырмауға болады: жөтелу әдебі
Өзіңді жұқпадан қалай сақтауға және басқаларға жұқтырмауға болады: жөтелу әдебі
Автор: Акимат
16-05-2017 10:17
Өзіңді жұқпадан қалай сақтауға және басқаларға жұқтырмауға болады: жөтелу әдебі
Ауа-тамшылық жолмен берілетін әртүрлі вирусты ауруларды жұқтырудан өзіңізді және өзіңіздің жақындарыңызды құтылуға көмектесетін бес қарапайым ережесі.
1.Жөтелген немесе түшкірген кезде аузыңызды және мұрныңызды майлықпен/қол орамалмен жабыңыз.
2.Пайдаланылған майлықтарды қоқыс себетіне тастаңыз.
3.Қол орамал/майлық болмаған кезде, алақанға емес, шынтақ иілісіне жөтелуді үйреніңіз, өйткені әдеттегідей ауызды алақанмен жабу жұқпаның қолдар және тұрмыс заттары арқылы таралуына әкеледі.
4.Қоғамдық жерлерде айналадағы адамдарға жұғу тәуекелдігін азайту мақсатында жөтелі бар ауруларға медициналық бетперде тағып жүру ұсынылады.
5.Қолдарыңызды жылы сумен жуыңыз, қолдарды тазалау үшін спирттік негіздегі заттарды пайдаланыңыз және қолдарыңызды еріндеріңізге, мұрныңызға және көздеріңізге тигізбеуге тырысыңыз.
Бұл ережелер әсіресе көп адамдар жиналатын қоғамдық жерлерде аса маңызды (бизнес-орталықтар, сауда нүктелері, жабық үлгідегі жаппай ойын-сауық өтетін жерлерде және б.), сондай-ақ қоғамдық көлікте, балалар мен ересектер жаппай болатын жерлерде – мектепке дейінгі балалар және мектеп ұйыдарында, білім, медицина мекемелерінде және т.б.).
Бұл бес ереже Сізге денсаулығыңызды сақтауға көмектеседі!
 
Семей қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы