Басы » Акимат » Хабарландыру » Семей қаласының жер қатынастары бөлімі 2017 жылғы 31 мамырда сағат 10-00-де сауда-саттықтың ағылшындық тәсілімен жер телімдерін және жер телімдерін жалдау құқығын сату жөнінде аукцион өткізеді
Семей қаласының жер қатынастары бөлімі 2017 жылғы 31 мамырда сағат 10-00-де сауда-саттықтың ағылшындық тәсілімен жер телімдерін және жер телімдерін жалдау құқығын сату жөнінде аукцион өткізеді
Автор: Акимат
16-05-2017 10:32
«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ 2017 жылғы 31 мамырда сағат 10-00-де Семей қаласы, Интернационал көшесі, 8, әкімдік ғимаратының оң жақ қанаты, кіші зал, мекенжайы бойынша сауда-саттықтың ағылшындық тәсілімен жер телімдерін және жер телімдерін жалдау құқығын сату жөнінде аукцион өткізеді.
 
Аукционға шығарылады:
 
• Жекеменшік құқығына жер телімдері:
 
1)Фестивальная көшесі, 21 А мекенжайындағы дүкен салуға және қызмет көрсетуге арналған алаңы 0,06 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 575 040 теңге, кепілдік жарна сомасы 28 752 теңге, жер салығының мөлшері 6 514 теңге;
2)Актюбинская көшесі, 1 А мекенжайындағы дүкен салуға және қызмет көрсетуге арналған алаңы 0,0048 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 54 054 теңге, кепілдік жарна сомасы 2 703 теңге, жер салығының мөлшері 529 теңге;
3)Автодромная көшесі, 48 мекенжайындағы дүкен, дәріхана салуға және қызмет көрсетуге арналған алаңы 0,01 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 103 028 теңге, кепілдік жарна сомасы 5 151 теңге, жер салығының мөлшері 1 093 теңге;
4)Б. Жамақаев көшесі, 60 В мекенжайы бойынша ғимаратты салу және қызмет көрсетуге арналған алаңы 0,1560 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 2 448 233 теңге, кепілдік жарна сомасы 122 412 теңге, жер салығының мөлшері 17 896 теңге;
5)Бобровка алабы, 1490 А мекенжайы бойынша дүкенді салу және қызмет көрсетуге арналған, алаңы 0,0100 га жер учаскесі, жер учаскесіне ауыртпалықтар (шектеулер) – Ертіс өзенінің су қорғау аймағындағы жерлерді пайдаланудың арнайы режимі, бастапқы бағасы 95 840 теңге, кепілдік жарна соммасы 4 792 теңге, жер салығының мөлшері 1 086 теңге;
6)О. Аюченко көшесі, 18 А мекенжайы бойынша балалар ойын-сауық орталығын салу және қызмет көрсетуге арналған алаңы 0,0793 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 978 514 теңге, кепілдік жарна сомасы 48 926 теңге, жер салығының мөлшері 9 032 теңге;
7)Центральная көшесі, Бобровка кенті, 3 Г мекенжайы бойынша халыққа қызмет көрсететін ғимаратты (үй-жайды) салу және қызмет көрсетуге арналған, алаңы 0,0150 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 143 760 теңге, кепілдік жарна соммасы 7 188 теңге, жер салығының мөлшері 1 630 теңге, жер учаскесінде өз бетімен орнатылған иесіз павильон орналасқан;
8)2-Водная көшесі, 28 А мекенжайы бойынша халыққа қызмет көрсететін ғимаратты (үй-жайды) салу және қызмет көрсетуге арналған, алаңы 0,0225 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 156 339 теңге, кепілдік жарна соммасы 7 817 теңге, жер салығының мөлшері 2 459 теңге;
 
 
• Жер учаскесін 5 жыл мерзімге жалдау құқығы:
 
9)Ұшақтар ықшамауданы, 5, мекенжайындағы 280 орындық балабақша салуға арналған, алаңы 1,2 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 819 432 теңге, кепілдік жарна соммасы 40 972 теңге, жалдау төлемінің мөлшері 152 441 теңге;
10)Қарағайлы тұрғын ауданы мекенжайындағы 320 орындық балабақша салуға арналған, алаңы 1,2 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 991 944 теңге, кепілдік жарна соммасы 49 597 теңге, жалдау төлемінің мөлшері 154 449 теңге;
11)Степной кенті, Просторная көшесі мекенжайындағы уақытша үлгідегі имаратты орналастыруға және пайдалануға арналған, алаңы 0,02 га жер учаскесі, жер учаскесіне ауыртпалықтар (шектеулер) - күрделі құрылыс салу құқығына тыйым салу, бастапқы бағасы 19 408 теңге, кепілдік жарна соммасы 970 теңге, жалдау төлемінің мөлшері 2 610 теңге;
12)Титов көшесі, 8-километр көшесінің бұрышы мекенжайындағы жарнама құрылымын орналастыруға және пайдалануға арналған, алаңы 0,0003 га жер учаскесі, жер учаскесіне ауыртпалықтар (шектеулер) - күрделі құрылыс салу құқығына және жер пайдалану құқығына қатысты мәмiлелер жасасуға тыйым салу, бастапқы бағасы 338 теңге, кепілдік жарна соммасы 17 теңге, жалдау төлемінің мөлшері 40 теңге;
13)Кирпичный завод көшесі, 1 В үй мекенжайы бойынша өндірістік ғимаратты, имаратты салу және қызмет көрсетуге арналған, алаңы 0,2 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 225 224 теңге, кепілдік жарна соммасы 11 261 теңге, жалдау төлемінің мөлшері 25 584 теңге;
14)Дружба көшесі мекенжайы бойынша жарнама құрылымын орналастыру және пайдалануға арналған, алаңы 0,0002 га жер учаскесі, жер учаскесіне ауыртпалықтар (шектеулер) - күрделі құрылыс салу құқығына және жер пайдалану құқығына қатысты мәмiлелер жасасуға тыйым салу, бастапқы бағасы 225 теңге, кепілдік жарна соммасы 11 теңге, жалдау төлемінің мөлшері 26 теңге;
15)О. Полковничий көшесі, 80, мекенжайы бойынша туристік аймақ салу және орналастыруға арналған, алаңы 10,0 га жер учаскесі, жер учаскесіне ауыртпалықтар (шектеулер) - Ертіс өзенінің су қорғау аймағындағы жерлерді пайдаланудың арнайы режимі, бастапқы бағасы 13 178 000 теңге, кепілдік жарна соммасы 658 900 теңге, жалдау төлемінің мөлшері 1 346 112 теңге;
16)Семей-Алматы трассы, 21 мекенжайы бойынша транспорт-логистикалық орталық салу және орналастыруға арналған, алаңы 1,1579 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 873 913 теңге, кепілдік жарна соммасы 43 696 теңге, жалдау төлемінің мөлшері 148 119 теңге;
17)Семей-Алматы трассы, 20 мекенжайы бойынша транспорт-логистикалық орталық салу және орналастыруға арналған, алаңы 10,7 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 8 075 718 теңге, кепілдік жарна соммасы 403 786 теңге, жалдау төлемінің мөлшері 1 368 744 теңге;
 
Жер учаскесін 10 жыл мерзімге жалдау құқығы:
 
18)туристік аймақ салу және орналастыру үшін О Полковничий көшесі, 81, мекенжайында орналасқан алаңы 15,0 га жер учаскесі, жер учаскесіне ауыртпалықтар (шектеулер) - Ертіс өзенінің су қорғау аймағындағы жерлерді пайдаланудың арнайы режимі, бастапқы бағасы 36 577 200 теңге, кепілдік жарна соммасы 1 828 860 теңге, жалдау төлемінің мөлшері 2 019 168 теңге;
19) туристік аймақ салу және орналастыру үшін О Полковничий көшесі, 82, мекенжайында орналасқан алаңы 20,0 га жер учаскесі, жер учаскесіне ауыртпалықтар (шектеулер) - Ертіс өзенінің су қорғау аймағындағы жерлерді пайдаланудың арнайы режимі, бастапқы бағасы 48 769 600 теңге, кепілдік жарна соммасы 2 438 480 теңге, жалдау төлемінің мөлшері 2 692 224 теңге.
Сауда-саттыққа қатысу үшін төленетін кепілдік жарна сомасы барлық объект бойынша объектінің бастапқы бағасының 5 % құрайды. Кепілдік жарна әрбір сауда-саттық нысаны бойынша бөлек енгізіледі.
Сауда-саттықтың ағылшындық тәсілі бойынша аукцион өткізудің шарттары. Әрбір сауда-саттық объектісі бойынша аукцион аукционшының оның атауын, қысқаша сипаттамасын, бастапқы баға мен бағалардың ұлғаю қадамын хабарлауынан басталады. Сауда-саттыққа қатысушылар аукционға қатысуға табысталған аукциондық нөмірді көтеруі арқылы бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Объект бойынша сауда-саттық ең жоғарғы баға ұсынылғанға дейін жүргізіледі. Әрбір сатылған сауда-саттық объектісі бойынша аукцион нәтижелері, аукцион өткізілген күні жеңімпаз бен екінші сатып алушы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
Жер телімдерін және жер телімдерін жалдау құқығын сату шарттары. Жер телімдерін нысаналы мақсатына сәйкес және берілген шекаралар шегінде пайдалану; жер учаскесін жалдау құқығын сатып алған жағдайда жер қатынастары бөлімімен жалдау шартын жасасу; қажет болған жағдайда сервитутқа рұқсат беру; жер салығын, жалдау төлемін уақытында төлеу; нысанды жобалау үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу; түрлі-түсті нұсқада эскиздік үлгілер жобасын жасату (фасадтың фотомонтаждалған және жалпы келбеттің түрлі жағдайы, жанасқан аумақтың көркейтілген бас жоспары, қысқаша түсіндірме жазба); Эскиз жобасын қаланың сәулет және қала құрылысы бөлімімен келісу (қажетті жағдайда қала құрылыс кеңесінде қарау); фасадты өңдеу және аумақты көркейту  жұмыстарын бекітілген жоба бойынша орындау; жобалық-сметалық құжаттарды тек лизенциясы бар ұйымдармен ары қарай авторлық қадағалау жүргізу арқылы әзірлеу (құрылыс аяқталғанға дейін тұрақты түрде); жобалық-сметалық құжаттарды сараптамадан өткізу; уақытша құрылыс және/немесе имарат (сауда шатырлары, павильондар, киосктер және басқалары) сәулет-эстетикалық түрде болулары қажет, ол үшін жалға алушы уақытша құрылыстың және/немесе имараттың (сауда шатырлары, павильондар, киосктер және басқалары) эскизінің дизайнін оны орнатпас бұрын сәулет және қала құрылысы органдарымен келісуге міндетті; жер учаскесінің нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасын белгiлеу; қауіпсіздік мақсатында басқа тұлғалардың құқығын шектемей және ортақ пайдалануға зиянын келтірмей құрылыс алаңын қоршау; аумақтың санитарлық жағдайы мен техника қауіпсіздігін сақтау (құрылыс жүргізу кезінде жұмыс істеу кестесі, меншік иесі және құрылыс ұйымы туралы мәліметтер, байланыс телефондары және т. б. көрсетілген объектінің төлқұжатын орнату); қала кадастры базасына енгізу үшін құрылыс аяқталғаннан кейін жанасқан аумақпен қоса объектінің көлденең түсірілімін орындау және объектіні пайдалануға қабылдау үшін тапсыру; құрылысқа арналған жер учаскесі оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл iшiнде (егер жобалық-сметалық құжаттарда неғұрлым ұзақ мерзiм көзделмесе) тиiстi мақсатында пайдаланылмаса, Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жатады.
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін келесі құжаттардың тізімін ұсыну қажет:
1) мәліметтер түрінде жер учаскесіне меншік құқығын (жалдау) сату жөніндегі аукционға қатысуға өтінім; 
2) сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны «электронды үкімет» төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты; 
3) өкілдің өкілеттілігін куәландыратын құжат.
Көшірмелердің дұрыстығын растау үшін салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түп нұсқалары ұсынылады.
Электрондық өтініш берілген жағдайда, жоғарыда тізбеленген құжаттар құжаттың электрондық көшірмелері нысанында беріледі.
Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Өтінімдерді қабылдау және тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін түскен өтінімдер қаралмайды. Өтінімі тіркелген тұлға аукцион өткізілетін күні аукциондық нөмірге алмастырылатын қатысушы билетін алады. Сауда-саттық процесінде аукциондық нөмірді басқа тұлғаның пайдалануына тыйым салынады.
Төлем шарттары. Аукцион аяқталғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданатын жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімі қабылданғаннан күннен бастап бір жұмыс күні ішінде сауда-саттық объектісін сатып алу-сату шарты жасалады. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу сатушы мен сатып алушы арасында жүргiзiледi, бұл ретте сатып алушы есеп айырысуды мынадай тәртiппен жүргiзедi:
1) аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап бес банктiк күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде аукцион барысында белгiленген бағаның 50% мөлшерiнде енгiзiледi. Кепiлдiк жарна тиiстi аванстық төлем есебiне алынады;
2) қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 30 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей енгiзiлуге тиiс.
Кепілдік жарналар қатысушының деректемелері көрсетіліп, кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініш берген күннен бастап бес банктік күннен аспайтын мерзімде:
1) қатысушыларды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін аукционға қатысудан бас тартқан жағдайды;
2) - аукционның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан; 
- аукционның нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сату шартын жасасудан;
- сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан бас тартқан жағдайларынан басқа кезде қайтарылады.
Кепілдік жарна «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің депозиттік шотына ИИК KZ380705034631515001, Семей қаласының қазынашылық басқармасы, БИК KKMFKZ2A, БИН 060240002668 (қаржыландыру көзі 5, бюджет түрі 03), КБЕ 17, КНП 171 төленеді.
Аукционға қатысуға арналған өтінімді қабылдау және аукционға қатысушыларды тiркеу Семей қаласы, Интернационал көшесі, 8, 428, 241, 242 бөлмелерде жүргізіледі. Анықтама үшін телефондар: 52-23-33, 52-46-07.
 
 
Жер қатынастары бөлімі