Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » 31 мамыр Дүниежүзілік темекі шегумен күрес күні
31 мамыр Дүниежүзілік темекі шегумен күрес күні
Автор: Акимат
17-05-2017 10:20
31 мамыр  Дүниежүзілік темекі шегумен күрес күні
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының республика өңірлерінде 2017 жылдың 1-30 мамыры аралығында «Темекі – даму үшін қауіпті» тақырыбында Дүниежүзілік темекі шегумен күрес күніне (31 мамыр) ұштастырылған айлық өткізіледі.
Жыл сайын темекіні тқтынудың нәтижесінде 6 миллонға жуық адам қаза табады. Халықаралық агенттіктің обырды зерттеу жөніндегі қорытындысы бойынша темекі шегумен өкпе обырының пайда болуының 70-95% дерегі байланысты, ал шылымқорлар арасында оның даму қаупі орта есеппен темекі шекпейтіндерге қарағанда 10 есе жоғары. Әлемде темекі шегу еркектер арасында өлім-жітімнің 12%-ның және әйелдер арасында 6%-ның себебі болып табылады. 
Темекіге қарсы кешенді күрес өмірді  сақтап және денсаулық сақтау саласындағы теңсіздікті азайтып қана қоймай, тұрақты даму мен экономикалық өсуге ықпал етеді. 
Темекіге қарсы күрес бойынша күшті жұмылдыруға тек қана үкімет емес, әр адам ешқашан темекі бұйымдарын тұтынбауды міндетіне ала отырып, темекісіз тұрақты әлемді құруға өз үлесін қоса алады. Ал темекіні тұтынатындар осы әдеттеріне бас тарта немесе тиісті көмекке жүгіне алады, ол да олардың денсаулықтарын сақтап, пассивті шылым шегуге ұшырайтын адамдарды, соның ішінде балалар, басқа отбасы мүшелері мен достарының денсаулықтарын сақтайды. 
2012 жылы жүргізген мінез-құлықтық қауіпті факторларды әлеуметтік зерттеуінің мәліметтері бойынша  халық арасында  шылымқорлықтың таралуы 26,5 % (41,5% еркек және 11% әйел), ал 2015 жылы әлеуметтік зерттеудің нәтижесі бойынша - 18,3 % (28,5% еркек және 8,5% әйел) құрап, ҚР шылым шегетін тұлғаларың үлесі төмендегені байқалады.  Әлеуметтік сауалнаманың мәліметтері шылымқорлықтың таралуын төмендету жөнінде талдауға мүмкіндік береді, бұл республика азаматтарының денсаулығы үшін шылымқорлықты індетін төмендетуге бағытталған мемлекеттік саясаттың тиімділігін көрсетеді.
 
Семей қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы