Басы » Акимат » Қаланың басқа жаңалықтары » Айнабұлақ ауылдық округі бойынша қоғамдық кеңесі және аналар кеңесінің 2017 жылғы І тоқсандағы атқарған жұмыстары туралы
Айнабұлақ ауылдық округі бойынша қоғамдық кеңесі және аналар кеңесінің 2017 жылғы І тоқсандағы атқарған жұмыстары туралы
Автор: Акимат
17-05-2017 11:02
Айнабұлақ ауылдық округі бойынша қоғамдық кеңесі және аналар кеңесінің 2017 жылғы І тоқсандағы атқарған жұмыстары туралы
Айнабұлақ ауылдық округі бойынша қоғамдық кеңесі және аналар кеңесі құрылған. Кеңестің басты мақсаты - ауылдық округ бойынша әлеуметтік жағынан өткір мәселелерді оларды шешеуге іс жүзінде ұсынымдар әзірлеумен жергілікті жерде жедел қарауды және талқылауды қаматамасыз ету болып табылады. Қазіргі кезде елімізде жергілікті өзін-өзі басқару кеңестері барлық жерде құрылған. Ауылдық округ бойынша түсетін салықтың 4 түрі өзіміздің есепшотымызға түседі. Сол түскен қаржының жұмсалуын, оның қандай мақсаттарға қажеттілігін қоғамдық кеңес мүшелері ай сайын жиналыс ашып, өздері талқылап, ауыл тұрғындарымен ақылдасып, шешіп отырады. Ауылдық округ бойынша қоғамдық кеңестің ұйғарымымен орталық көшелер жарықтандырылды. Қоғамдық кеңес мүшелері ауылдық округ бойынша мерекелік іс-шараларға белсене қатысты. Аналар кеңесі отбасында толеранттылыққа тәрбиелеу мәселелері жөнінде жастарға кеңестер беріп отырады. Ауылдық округте өтетін мерекелік іс-шараларға белсене қатынасады. Аналар кеңесі «Ақжаулық» атты әжелер ансамблін құрды. Ол ансамбль түрлі көркемөнерпаздар байқауларына, мерекелік іс-шараларға қатысып, жастарға үлгі болды. Жастар, ауыл тұрғындарына тәрбиелік маңызы бар көптеген жиындар өткізді. Қазіргі уақытта жас отбасылар арасында бірін-бірі түсінбей, ажырасулар көп болады. Сондай жағдайларды болдырмау мақсатында аналар кеңесі жастарға ақыл-кеңестерін беріп отырады.
Алдағы уақытта да қоғамдық кеңес мүшелері мен аналар кеңесі көптеген жұмыстарды бірлесіп атқаратын болады.
  
 
Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты