Басы » Акимат » Мәдениет » Бәрі махаббаттан басталады: музыкалық-әдеби нон-стоп
Бәрі махаббаттан басталады: музыкалық-әдеби нон-стоп
Автор: Акимат
19-05-2017 09:41
Бәрі махаббаттан басталады: музыкалық-әдеби нон-стоп
Атақты Кеңес Одағының жазушысы, ақын, аудармашы Роберт Рождественскийдің туғанына 85 жыл толуына орай, Абай атындағы кітапханада 18 мамыр күні «Диалог» әдеби салонының кезекті отырысы өтті. Шара барысында лирик-ақын Роберт Рождественский шығармашылығының негізгі тақырыбы махаббат лирикасы жан-жақты талқыланып, өмірбаяны, шығармашылығы жайлы отырыс мүшелері  пікір алмасты. Ақынның 9 жасында жазған алғашқы өлеңі фашистермен соғысып жүрген әкесіне арналды. «Флаги весны», «Испытание» атты алғашқы жинақтары Горький атындағы әдеби институтында оқып жүрген кезінде жарық көрді. Қатысушылар Роберт Рождественскийдің сөзіне жазылған «Огромное небо», «Позвони, мне позвони», «Эхо любви», «Любовь настала», «Не надо печалиться» және т.б. әндердің бейнежазбаларын тыңдап, сонымен қатар жастық шақтағы әндерді бірге шырқады. Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы слайд-шоу, «Роберт Рождественскийдің лирикасы» атты кітап көрмесі  ақын шығармашылығынан мол мәлімет берді. Әдеби салоннның Г.Н.Ногина, М.А.Коваленко, Г.Е.Голенцева сынды тұрақты  қатысушылары ұйымдастырушыларға зор алғысын білдірді. Бір мемлекеттің ұрпақтарының өмірін  өз шығармаларына сыйдыра білген ақынға арналған кеш, тартымды да, әсерлі өтті.
 
Абай атындағы кітапхана