Басы » Акимат » Спорт » Ауыл спартакиадасы спорттық ойындарының І – кезеңі
Ауыл спартакиадасы спорттық ойындарының І – кезеңі
Автор: Акимат
19-05-2017 10:38
Ауыл спартакиадасы спорттық  ойындарының І – кезеңі
2017 жылдың 17-18 ақпан аралығында Шүлбі кентінің «Надежда» спорт залында Семей қаласы әкімінің орынбасары бекіткен ауыл спартакиадасы спорттық ойындарының ережесіне сәйкес, І – кезеңінің Шульбинск кенті жастары мен үлкен тұрғындары арасында волейболдан іріктеу жарысы өткізілді. 
Іріктеу жарыс ұйымдастырушылардың орындауында жарысқа қатысушыларға және жанкүйерлерге әдемі музыкалық нөмірлер ұсынылды.
Іріктеу жарыстың бас төрешісі Усенов Ертісбектің стартымен, кент құрама командасының қатарында болу үшін әдемі және табан тірескен күрес басталды. Жарысқа 3 ер командалары: АЭС Шүлбі СЭС, Мектеп-кешен, 67 – өрт сөндіру бөлімі және 3 әйел командалары: Кен құрама, Мектеп-кешен, Кәсіпкерлер командасы қатысты.
 
Шүлбі кенті әкімінің аппараты