Басы » Акимат » Қоғам » Cемейде “Жолда қабылдау” республикалық акциясы өтті
Cемейде “Жолда қабылдау” республикалық акциясы өтті
Автор: Акимат
22-05-2017 11:28
Cемейде “Жолда қабылдау” республикалық акциясы өтті
Семей қалалық ІІБ жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері мен «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы бірлесе «Жолда қабылдау» республикалық акциясын өткізді.
Акцияның негізгі мақсаты құқық қорғау органдары мен өзге де мемлекеттік құрылымдардың имиджін көтеру, сондай-ақ, жол полициясының қызметіне деген қарапайым халықтың сенімін арттыру болып табылады. 
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері мен партия филиалының өкілдері  Семей-Шүлбі трассасы аумағында көлік жүргізушілерін жол ережесі бойынша мазалап жүрген сұрақтары бойынша қабылдау жүргізіп, заңдылық пен конституциялық құқықтарды сақтау мәселелері бойынша азаматтарға түсінік жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ арнайы құрылған топ Шүлбі әкімдігі ғимаратының алдында ауылдық округ тұрғындарымен кездесіп, жол ережелерін сақтау және өзге де заңнамаларды түсіндірді. Шара барысында көлік жүргізушілері арнайы таратылған сауалнамалар толтырып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысын бағалады. 
Іс-шара барысында азаматтар тарапынан көтерілген барлық сауалдар  толықтай қарастырылып, заң аясында жауап берілді.
 
 
«Нұр Отан» партиясы Семей қалалық  филиалы