Басы » Акимат » Спорт » Кіші футбол турнирі
Кіші футбол турнирі
Автор: Акимат
23-05-2017 08:58
Кіші футбол турнирі
2017 жылғы 20 мамырда  Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің спорткомплексінде «ШҚО Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен «Қазақстан жастарын қолдау» ШҚО жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Серпін фестивалі - 2017» қалалық байқауы аясында «Кіші футбол турнирі» ұйымдастырылды. Кіші футболға  7 команда: Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Семей медицина университеті, Геодезия және картография колледжі, Семей Көлік колледжі, Радиотехника және байланыс колледжі, Құқық және бизнес колледждерінің «Серпін» бағдарламасы бойынша білімалушылары қатысты. Футбол жарысы тартысты өтіп, келесідей нәтижеде аяқталды: «Үздік қақпашы» номинациясы –Дикенова Ермұхамед (Медицина университеті), «Үздік Ойыншы» номинациясы – Серік Асхат (Көлік колледжі), 3 орын – Семей көлік колледжі, Құқық және бизнес колледжінің құрамалары, 2 орын – Семей медицина университеті, 1 орын – Геодезия және картография колледжінің құрамасы. Барлық қатысушылар арнайы алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталады. 
 
«Қазақстан жастарын қолдау» ШҚО ЖҚБ