Басы » Акимат » Қоғам » «Astana EXPO-2017 барлық келушілерді таңқалдырады» – ХКБ Бас хатшысының орынбасары Д.Керкентзес
«Astana EXPO-2017 барлық келушілерді таңқалдырады» – ХКБ Бас хатшысының орынбасары Д.Керкентзес
Автор: Акимат
25-05-2017 15:59
«Astana EXPO-2017 барлық келушілерді таңқалдырады» – ХКБ Бас хатшысының орынбасары Д.Керкентзес
«10 маусым күні Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі барлық келушілерді таңқалдырады деп сеніммен айта аламын». Бұл туралы бүгін Көрме кеңсесіне келген Халықаралық Көрмелер Бюросы Бас хатшысының орынбасары Димитрий Керкентзес хабарлады. ХКБ өкілі Астанаға іссапармен келіп, Ұлттық секциялар комиссарларының жетекшілер алқасының отырысына қатысты.
«Мен кеше Көрме аумағында екі сағаттай уақыт өткіздім. Осында бірінші рет келгендер: бұлар қалай үлгермекші, әлі көп нәрсе дайын емес - деп айтуы мүмкін. Алайда біз көптеген көрмелерді өткіземіз, сондықтан бәрі дұрыс. ЭКСПО көрмесіне дайындық жоғары деңгейде», -  деді Д.Керкентзес. 
Сондай-ақ Халықаралық Көрмелер бюросы Бас хатшысының орынбасары көптеген жұмыс мәселелері шешілген халықаралық қатысушылар кездесуінің ұйымдастырылғанына ризашылығын білдірді. Кейбір халықаралық қатысушылар павильондарын ертең-ақ таныстыруға дайын болса, өзгелері павильондарының тақырыптық толтыруын аяқтауға жақын. Бәрі мерзімінде дайын болады.
 
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ