Басы » Акимат » Спорт » Футбол алаңынын салтанатты ашылуы
Футбол алаңынын салтанатты ашылуы
Автор: Акимат
29-05-2017 12:44
Футбол алаңынын салтанатты ашылуы
2017 жылдың 17 мамырында Приречный ауылдық округінің Приречный ауылында футбол алаңынын салтанатты ашылуы өтті.
Елбасымыздың саясатының арқасында елімізде болып жатқан киелі істер мен экономикамыздың қарыштап алға басып келе жатқандығы туралы айтып, Приречный ауылдық округінің әкімі Байдомалақов А.Ж. құттықтау сөзімен салтанатты жиынды ашын берді. Клуб директоры Акбаев О., дене шыңықтыру мұғалімі Кербер В.В., алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Тұрлыбеков Д. сөз алып ойыншыларға жақсы ойын тіледі.
Пригород ауылынан келген  2016 жылдың футбол ойынынын жеңімпаз командасының капитаны ойыншыларға жеңіс пен сәттілік тілеп ойынды ашты.
Жарысқа 7 команда, 50 ойыншы қатысты- әскери бөлімше, әкімшілік, ауыл жастары, Жарқын және Пригород  елді мекенінен келген, мектеп оқушылары және студенттер командалары қатысты.
Футбол аланының ашылуына және ойынның ұйымдастырылуына демеуші көмек көрсеткен «Агрофирма Приречное» ЖШС директоры Тумабаев М.Т.
Жеңіске жеткен командалар мен жарыстың үздік ойыншыларына түрлі номинациялар бойынша бағалы сыйлықтар мен грамоталар табысталды. Бірінші орын алған команда жарыстың басты сыйлығы мен әкімнің ауыспалы кубогын жеңіп алды.
        
 
Приречный ауылдық округі әкімінің аппараты