Басы » Акимат » Қоғам » «Білім беру саласындағы татарлар: қабылеттілік, талант пен шабыт» және «Шөфкатьле йөрөклөр. Мейірбан жүректер» кітаптардың тұсаукесері
«Білім беру саласындағы татарлар: қабылеттілік, талант пен шабыт» және «Шөфкатьле йөрөклөр. Мейірбан жүректер» кітаптардың тұсаукесері
Автор: Акимат
19-06-2017 18:39
«Білім беру саласындағы татарлар: қабылеттілік, талант пен шабыт» және «Шөфкатьле йөрөклөр. Мейірбан жүректер»  кітаптардың тұсаукесері
2017 жылдың 16 маусымында медициналық қызметкер күні қарсаңында Қалалық Достық Үйнде «Білім беру саласындағы татарлар: қабылеттілік, талант пен шабыт» және «Шөфкатьле йөрөклөр. Мейірбан жүректер» кітаптар тұсаукесері өтті. Оны Татарстан Республикасының еңбек Сіңірген өнер қайраткері Камилия Исмаилова басқаратын Шығыс Қазақстан облысының Татар қоғамдық орталығы  ұйымдастырды. Осы басылымдарда Семей қаласы татар диаспорасының дәрігерлері мен педагогтары туралы материалдар жарияланған. Жинақтар татар мұражай мұрағатынан материалдармен, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияламдардың, отбасылық мұрағаттар және әріптестерінің естеліктермен   негізінде құрастырылды.
Осы кітаптарда 120- дан астам белгілі және талантты адамдардың өмірбаяны ұсынылды. Бұл белгілі мұғалімдер, ҰОС ардагерлері, ғалымдар және дәрігерлер. Шараның ресми бөлігін алғы сөзбен Татар қоғамдық орталығының төрайымы Камилия Исмаилова ашты. Ол мерекенің салтанатты ашылуы барысында  редакциялық кеңесінің мүшелеріне және орталықтың белсенділеріне  өз ризашылығын білдірді. Сонымен қоса шара барысында профессорге, Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының корреспондент-мүшесіне  Г.Ә.Бадамбаеваға Татарстан Республикасының білім беру Министрлігің «Білім беру саласындағы жетістіктері үшін» атты медальді марапаттады.
Жинақтардың құрастырушылары –Г.Г.Бекова, Зарипова Р.В., Зарифова М.А., Ибрагимова Р.З., Исмаилова К.Р.,  Абдуллина Р.К., Абдикаримова Г.Х., Нигматуллина Г. осы тұсаукесеріді өткізуде көрсетілген қолдау мен көмек үшін  өз алғыстарын білдірді.  
Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасты. 
 
Шығыс Қазақстан облысының Татар қоғамдық орталығы