Басы » Акимат » Экономика және бизнес » Негiзгi капиталға инвестиция жұмсау 2017 жылғы қаңтар-мамыр
Негiзгi капиталға инвестиция жұмсау 2017 жылғы қаңтар-мамыр
Автор: Акимат
20-06-2017 12:25
Негiзгi капиталға инвестиция жұмсау  2017 жылғы қаңтар-мамыр
2017 жылғы қаңтар-мамырында (қосымша бағалауды есепке алғанда) негiзгi капиталдың инвестиция көлемі 12784,5 млн. теңгені, 2016 жылдың қаңтар-мамырындағы деңгейіне 112,2%-ды құрады.
Инвестицияның негізгі бөлiгi (47,4%-ы) үйлер мен ғимараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарында қолданылды.      
Жылдың басынан іске қосылған негізгі қорлар 16653,5 млн. теңгенi құрады, олардың 11134,0 млн. теңге (66,9%-ы) – білім беру жүйесінде, 3135,9 млн. теңге (18,8%-ы) – өнеркәсіп саласында, 906,6 млн. теңге (5,5%-ы) – жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда, 566,4 млн. теңге (3,4%-ы) – әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметінде, 418,2 млн. теңге (2,5%) – көлік және қоймалау саласында,  191,4 млн. теңге (1,2%-ы) – көтерме және бөлшек саудада, 125,8 млн. теңге (0,8%) – ақпарат және байланыста, 72,8 млн. теңге (0,4%) – қаржы  және сақтандыру қызметінде,  58,4 млн. теңге (0,4%-ы) – ауыл, орман және балық шаруашылығында,  25,6 млн.теңге (0,1%) –кәсіби, ғылыми және техникалық қызметінде. 
 
 
Статистика басқармасының басшысы
Б. Мешелов