Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » «Денсаулық жолы»
«Денсаулық жолы»
Автор: Акимат
04-07-2017 18:31
«Денсаулық жолы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы   № 176 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2017 жылдың 1 шілдесінен 31 тамызына дейін «Денсаулық жолы» кең ауқымды акциясы өткізіледі.
Науқан терапевттік, кардиологиялық, онкологиялық қызмет және салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметі мамандарын тарту арқылы ауылдық аудандарға мобильді медицина бригадаларының баруымен жүзеге асырылады. 
Осы жылы өткізілетін «Денсаулық жолы - 2017» ақпараттық-коммуникациялық науқанның басты назары ИЕА-ның алдын алу үшін артық дене салмағы мен семіздіктің қаупін төмендету мақсатында дұрыс тамақтану мен жеткілікті дене белсенділігін насихаттауға бағытталған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қуат теңгерімінің бұзылуын азайту және дұрыс дене салмағын қолдау үшін ас үлесі мен дене белсенділігіне қатысты кешенді ғаламдық ұсыныстарды ұсынған. Дұрыс тамақтануға қатысты басты ұсыныстар күнделікті жемістер мен көкөністерді жеткілікті мөлшерде (400 г немесе одан көп) тұтынуға және өндірушілер, аспаздар және тұтынушылардың азық-түліктер мен сусындарға қосатын бос қанттар мен бал, шәрбәт, жеміс шырыны және жеміс шырыны концентранттарында болатын қантты (жалпы тәуліктік қуаттың жұмсаулынан 10%-дан аз немесе 5%-дан аз), майларды (жалпы майлардың есебінен жалпы тәуліктік қуаттың жұмсалуынан 30%-дан аз, қаныққан майлар есебінен жалпы тәуліктік қуаттың жұмсалуынан 10%-дан аз(майлы ет, сары май, пальма мен кокос майы, кілегей, ірімшік, шошқа майын)және тұзды (тәулігіне 5 г аз) тұтынуды шектеу.Өнеркәсіптік (өндірілген азық-түліктер, тез дайындалатын тағам, жеңіл тамақ, қуырылған тамақ, қатырылған пицца, бәліш, печенье, маргарин мен бутерброд қоспаларының құрамындағы) трансмайлар таза ас үлесінің құрамына кірмейді.
ДДҰ ересектердің аптасына кемінде 150 минут бірқалыпты қарқында аэробтық дене белсенділігімен немесе жоғары қарқындылықтағы дене белсенділігімен аптасына 75 минут және аптасына 2 немесе одан көп рет бұлшықеттерді нығайтатын жаттығулармен айналысуды ұсынады. ДДҰ 5-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге бірқалыптыдан жоғары қарқындылыққа дейін күніне кемінде 60 минут дене белсенділігімен айналысуды ұсынады. 2010 жылы жүргізілген есепке сәйкес ересек тұрғындардың 35%-ы жеткіліксіз белсенді. 2013 жылы Еуропалық одақ тұрғындарының 59%-ы ешқашан жаттығу жасамаған немесе спортпен айналыспағанын немесе өте сирек жасағанын, ал 30%-ның ешқашан басқа дене белсенділігінің түрлерімен айналыспағанын көрсететін мәліметтер алынған. Дене белсендігінің түрлері көп және қарқындылық дәрежесі бойынша өзгеріп отырады. Оған басты қозғалыс дағдылары, белсенді ойындар, бос уақыттағы жаяу жүру, билеу, жаяу туризм мен велосипед тебу, спорт секілді әрекеттер мен құрылымдалған жаттығулар жатады. Дене белсенділігі үшін мүмкіндіктер жасыл аймақтар мен тынығу су қоймаймалары, мектептер, жұмыста, бір орыннан екінші орынға қозғалғанда, үй жағдайында, мысалы бақшада немесе үйде жұмыс істеу секілді түрлі орталар мен жағдайларда бар. 
Қолдағы анықтаулар бойынша дене белсенділігінің жеткіліксіздігіне жүректің коронарлық ауруы тудыратын 5% ауырпалық, қант диабетінің 2 типі тудыратын 7% ауыртпалық, сүт безі обыры тудыратын 9% және тоқ ішек обыры тудыратын 10% ауыртпалық тиесілі. 
 
Семей қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы