Басы » Акимат » Қоғам » Елорда күні мерекесімен!
Елорда күні мерекесімен!
Автор: Акимат
05-07-2017 17:44
Елорда күні мерекесімен!
Құрметті семейліктер және қала қонақтары!
 
Сіздерді Елорда күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан - өз халқының тағдырына толық жауап беретін, ертеңгі шығар биігін, асар асуын белгілеп алған және бағыт-бағдарының дұрыстығына өркениетті әлемнің көзін жеткізген бірден-бір дамушы ел.
Жиырма жыл бұрын, Қазақ елі екінші жаңғыруға қадам басқан тұста дүниеге келген Астана бүгінде төрткүл дүние дидарын өзіне аударып, бейбітшілік пен келісімнің, ынтымақ пен берекенің, сенім мен тұрақтылықтың алтын бесігіне айналды. Ел мерейін асырған «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі - соның жарқын көрінісі. 
Мұның барлығы Абылай аңсаған азаттыққа, Алаш қайраткерлері көксеген егемендікке қолы жеткен бақытты ұрпақтың жеңісі! Талмай, тынбай атқарған еселі еңбектің жемісі деп білеміз.
Қуаныш ұзағынан болсын, ағайын!
Бабалар аманатын орындап, кемел келешегіміз үшін бірігіп жұмыс жасайық!
Елдігіміз мәңгілік болсын!
 
Құрметпен,
Семей қаласының әкімі Ермак СӘЛІМОВ,
Семей қалалық мәслихатының хатшысы Бейсенбек АҚЖАЛОВ