Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » Бақша дақылдарын сату
Бақша дақылдарын сату
Автор: Акимат
10-07-2017 15:18
Бақша дақылдарын сату
Дәстүрлі түрде бақша дақылдары (қарбыздар және қауындар) сатыла бастайды. Сауда үйлерінің, дүкендердің, базарлардың жеткілікті санына қарамастан қауындар мен қарбыздар көбінесе жолдардың жүретін бөлігінің бойында, жаяужолдарда, үй-ішілік аумақтарда сатылады. Мұндай жерлерде сату жағдайлары жоқ, нақты, өнім жерден сатылады, маңайындағы аумақ тазаланбайды, қоқыстанып жатады.
Сатушылардың көбінде медициналық тексеруі, санитарлық киімі, жеке бастың гигиенасын сақтау үшін жағдайлары жоқ, бақша дақылдарының сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары болмайды.
Бақша дақылдарын тұтыну кезінде сатып алушылар елеулі мәселелерге ұшырауы мүмкін, олар дисбактериоз, іш өту, қарбыз және қауынның сапасыздығынан тағамнан улану.
Қарбыз және қауыннан қалай уланбауға болады? 
-қарбыздарды және қауындарды қызметкерлері медициналық тексеруден өткен және жұмысқа рұқсаттары бар, қызметкерлер үшін жеке бастың гигиенасын сақтауға, сату үшін тиісті жағдайлары бар (сату сөрелері) сауда үйлерінен, дүкендерден, базарлардан сатып алыңыз.
-сату жерлерінде жуылмаған жемістер мен көкөністерді тұтынбаңыз, тіліктер жасатпаңыз, өйткені көп жағдайларда лас пышақтар қолданылып, олар ішек инфекцияларын қоздырушы бактериалдық ластануға әкеп соғуы мүмкін. 
-тұтынардың алдында қарбыздың, қауынның сыртын сумен жууды ұмытпаңыз, өйткені оның сыртынан жидектің мәйегіне микробтар түсу тәуекелдігі жоғары.
-қарбыздар мен қауындарды тамыздың ортасынан ерте сатып алмағаныңыз дұрыс. Тіпті ең жылдам пысатын сорттары тек шілденің аяғында табиғи түрде піседі.
-ешқашан шытынаған қарбызды сатып алмаңыз.
-ащы иісті қарбыздан уланып қалу әбден мүмкін.
Есіңізде болсын, Сіз сатушыдан өнімге ілеспе құжатты сұрауға толық құқығыңыз бар (сәйкестік сертификаты, оның нөмірі, оның әрекет ету мерзімі, серификатты берген орган немесе сәйкестік туралы мағлұмдамасы туралы мәліметтер, оның ішінде оның тіркелу нөмірі, оның әрекет ету мерзімі, мағлұмдаманы қабылдаған тұлғаның аты-жөні, және оны тіркеген орган). Бұл құжаттар жеткізушінің немесе сатушының тұратын жері (мекенжайы) және телефоны көрсетіліп, оның қолтаңбасымен және мөрімен расталуы тиіс. Егер құжаттар жоқ болса, онда сауда рұқсат етілмеген, ал өнімдер тұтынуға қауіпті деп есептеледі.
«Семей қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы» РММ (Семей қаласының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі) жыл сайын көкөністер, жемістер, оның ішінде жидектер сататын жерлерде жоспардан тыс тексерулер жүргізеді. Сіз ШЖҚ «Семей қаласының Ұлттық сараптама орталығы» РМК-ны филиалының бөлімшесінде іс жүзінде кез келген тағам өнімдері түрлеріне микробиологиялық, санитарлық-химиялық, радиологиялық көрсеткіштері бойынша, оның ішінде Кедендік одақтың Техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігіне зерттеулер, сынақтар жүргізе аласыз.
Өзіңіздің және өзіңіздің жақындарыңыздың денсаулығына ұқыптылықпен қараңыз, пайданың соңына түскен бақша дақылдарының саудагерлерлері  Сіздің денсаулығыңызға келетін зиян туралы ойламайды.
 
ҚР ДСМ ҚДСК ШҚО ҚДСД 
"Семей қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы"