Басы » Акимат » Қаланың басқа жаңалықтары » Астана - арман қала!
Астана - арман қала!
Автор: Акимат
10-07-2017 18:11
Астана - арман қала!
2017 жылдың 5 шілдесі күні кент кітапханасында «Астана арман қала» атты зияткерлік-танымдық ойын өткізілді.
Бағдарлама қатысушылары біздің Отанымыздың астанасының тарихымен танысты. Іс-шара жүргізушлердің қала тарихын, біздің Республикамыздың астанасының ауысуы мен атының өзгеруі және рәміздері туралы қысқаша шолудан басталды. Біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы көптеген танымдық әнгімелесулер өткізілді. 
Қатысушылар арасында Қазақстан тарихын өте жақсы білу туралы тақырыпқа арналған сұрақ–жауап ойыны өткізілді. Сұрақ-жауап ойынында мынадай сұрақтар қойылды: ҚР Конституциясы қашан қабылданды, ҚР Тәуелсіздігі қашан жарияланды, ҚР туының көгілдір түсі не білдіреді және тағы басқа сұрақтарға, қатысушылар толық және қанағаттандырарлық жауаптар берді. 
Соңына қарай «ЭКСПО-2017» бейнеролигі көрсетілді. Өткізіген іс-шара қатысушылардың көңіл-күйінен шықты.       
2017 жылдың 6 шілдесі күні кент орталық алаңында клуб қызметшілерінің күшімен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Барлық іс-шара қатысушыларын кент әкімі Байгужинов Кенжебек «Астана Күні» мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, шырғармашылық табыс және бейбіт ашық аспан тіледі. Содан кейін Қазақстан туралы, біздің Республикамыздың Астанасы туралы әртүлі билер мен өлеңдер шырқалды. 
«Астана Күні» құрметіне кент тұрғындары мен қонқтарына арналған мерекелік би кеші ұйымдастырылып өткізілді.  
 
    
  Шульбинск кенті әкімінің аппараты