Басы » Акимат » Хабарландыру » Шығыс Қазақстан облысының «Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарға барлық мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды
Шығыс Қазақстан облысының «Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарға барлық мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды
Автор: Акимат
14-07-2017 15:51
14.07.2017
 
Шығыс Қазақстан облысының «Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ, 071405. ШҚО, Семей қаласы, Интернациональный көшесі 8, анықтама  үшін телефондар:  8(7222) 567134,  «электрондық мекенжай адрес: sh.edilbaeva@akimvko.gov.kz. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарға барлық мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
 
1. қала әкімі аппаратының персоналды басқару  бөлімінің бас маманы, лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай  77452  теңгеден 99938 теңгеге дейін  (E -4),  1 бірлік. 
Функционалдық міндеттері: Кадр мәселелері бойынша тәртіптік комиссиялардың қызметтерін ұйымдастыру. Мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тартуды жүзеге асыру. Е-қызмет жүйесін жүзеге асыруды үйлестіру. Өкімдер мен бұйрықтарды, іс сапарларды дайындау. Басқару тиімділігін бағалау әдістемесі есебінің уақытылы талдануы.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, «Құрылыс бөлімі» ММ, «ШҚО Семей қ. қаржы бөлімі» ММ, «ШҚО Семей қ. экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» ММ, «ШҚО Семей қ. жер қатынастары бөлімі» ММ, «ШҚО Семей қ. сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, «ШҚО Семей қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ.
Бөлімнің басқа бас маманының міндеттерін атқарады. 
Бөлім басшысының тапсырмаларын орындайды.
Өз міндеттерін сапа менеджменті жүйесіне (СМЖ) сәйкес атқарады.
Бас маманның басқа да құқықтары мен міндеттері «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес анықталады.        
Конкурсқа қатысушыларға және үміткерлерге қойылатын талаптар: Жоғары білім,  мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  білімі барларға рұқсат етіледі. 
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.        
Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
  
2.  Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторының бас маманы, лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай  73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін  (E R-4),  1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі мезгіліне) 
Функционалдық міндеттері: Қаланың су құбыры шаруашылығын жылу маусымына дайындау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады, келелі мәселелерді қысқа дайындық жөніндегі штабтың отырысына шығарады. Өңірді сумен жабдықтау жүйесін дамытудың инвестициялық жобалары мен бағдарламаларын дайындауға қатысады. Орталық кәрізі жоқ үйлерден («Шамбо» шұңқырларынан) сұйық жуынды-шайындылардың сорып әкетілуін ұйымдастырады және бақылайды. Жылу-суқұбыры желілерінде және сумен жабдықтау нысандарында апаттық жағдайлар болған кезде апаттарды жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға тартылады. Бөлім басшыларының тапсырмасы бойынша әкімдік өткізетін іс-шараларға қатысады, әкімдіктің шешімі бойынша құрылған комиссиялардың жұмысына өзіне берілген өкілеттіктер шегінде қатысады. Орындалған жұмыстардың актілерін қабылдайды және тексереді. Жетекшілік жасайтын мәселелер бойынша қала әкімі мен әкімдік өкімдерінің, шешімдерінің, қаулыларының жобаларын әзірлейді.  Бөлімнің, қала және облыс әкімдігінің басшылығы үшін жетекшілік жасайтын мәселелер мен ведомстволық қарасты ұйымдар бойынша материалдар, ақпараттар дайындайды. Сапа менеджментінің ықпалдандырылған жүйесіне сәйкес, мұрағатта сақтау үшін, құжаттардың дайындалуын және тапсырылуын жүзеге асырады. Басшылардың бұрыштамасына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, өз уақытында барып көру арқылы қарайды және дәлелді жауаптар дайындайды, ол үшін жеке жауапкершілік жүктейді. Бөлімнің және сектор басшыларының тапсырмаларын орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға және үміткерлерге қойылатын талаптар: Жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған  жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік (техникалық ғылымдар мен технологиялар (жылу энергетикасы, электр энергетикасы, құрылыс) немесе ауыл шаруашылық ғылымдары (су ресурстары мен суды пайдалану) немесе қызметтер) білімі барларға рұқсат етіледі. Жоғары білім болған жағдайда  жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. 
Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
 
Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын жалпы талаптар:
1) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптарды;
2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;
3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі;
4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «ШҚО Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық пошта sh.edilbaeva@akimvko.gov.kz.,  не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында ішкі конкурс өткізілетіні туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап   3 жұмыс күн ішінде ШҚО Семей қаласы, Интернациональный көшесі 8, «Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, телефондар:  8(7222) 567134  ұсынылуы қажет.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Жұмыстың айқындылығын қамтамасыз ету үшін конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешiмiмен келіспеген жағдайда конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешiмiне шағымды ШҚО, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы,4 мекенжайы бойынша беруге болады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «ШҚО Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.
 
 
 
Персоналды басқару бөлімі