Басы » Акимат » Хабарландыру » «Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға жалпы конкурс жариялайды
«Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға жалпы конкурс жариялайды
Автор: Акимат
14-07-2017 16:13
14.07.2017
 
«Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ, 071405. ШҚО, Семей қаласы, Интернациональный көшесі 8, анықтама  үшін телефондар: 8(7222) 567134,  «электрондық мекенжай адрес: sh.edilbaeva@akimvko.gov.kz. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға жалпы конкурс жариялайды:
 
1. Приречный ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай  69957  теңгеден 94109 теңгеге дейін (EG -3),  1 бірлік. 
Функционалдық міндеттері: Әкім аппаратының жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру мәселелері, шешімдердің, өкімдердің орындалуын бақылау. Әкім аппаратының атқарылған жұмысы бойынша есеп тапсыру. Әкім аппаратының кадрлық іс-қағаздарын жүргізу,  нотариаттық   іс-әрекеттер жасау. Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығына құжаттарды тапсыруды қадағалау. Ауылдық округ әкімінің мамандарына және техникалық қызметкерлеріне берілген тапсырмалардың уақытында талапқа сай орындалуын бақылау. Қоғамдық жұмыстарды, жастар тәжірбиесін және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады. Сайлау жұмыстарын қадағалау. Өз құзыреті шегінде ауылдық округі әкімінің өзге де тапсырмаларын орындау.
Конкурсқа қатысушыларға және үміткерлерге қойылатын талаптар: Жоғары (әлеуметтік ғылымдар немесе экономика және бизнес немесе білім салаларындағы), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. 
Жоғары білім болған жағдайда  жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.      
Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
 
2. Ақбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай  69957  теңгеден 94109 теңгеге дейін (EG -3),  1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі мезгіліне). 
Функционалдық міндеттері: Әкім аппаратының жұмысын жоспарлау,         ұйымдастыру мәселелері, шешімдердің, өкімдердің орындалуын бақылау. Азаматтардан өтініштерің, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтардын қорғау жөнінде шаралар қолданады. Әкім аппаратының іс-қағаздарын жүргізу, жеке және заңды азаматтардан түскен өтініштердің орындалуын бақылау, нотариаттық іс–әрікеттер жасау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету. Әкім аппаратының кадр жөнінде жұмыстарды атқару, атқарушы органдарды қызметінің тиімділігін бағалау. Ауылдық округ әкімінің мамандарына және техникалық қызметкерлеріне берілген тапсырмалардың уақытында талапқа сай орындалуын бақылау. Өз құзыреті шегінде ауылдық округ әкімінің өзге де тапсырмаларын орындау.  
Конкурсқа қатысушыларға және үміткерлерге қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. 
Жоғары білім болған жағдайда  жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік
 
Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын жалпы талаптар:
1) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптарды;
2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Министрлігімен  анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес  Қазақстан Республикасының  заңнамасын білу; 
3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін  білу;
4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «ШҚО Семей  қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне қолма-қол тәртіпте, почта арқылы, sh.edilbaeva@akimvko.gov.kz электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы келесі құжаттарды тапсырады:
1) нысан бойынша өтініш (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына 2-қосымша);
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына 3-қосымшаға  сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар уәкілетті органның интернет-ресурсында жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейін 7 жұмыс күннің ішінде ШҚО Семей қаласы, Интернационал  көшесі 8 мекенжайы бойынша тапсырылуы тиіс.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 2 жұмыс күннен кешіктірмей «ШҚО Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Егер конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда олар  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне 5 жұмыс күн ішінде шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешіміне шағымды келесі мекен-жайға жолдауға болады: ШҚО, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік (Независимости) даңғылы, 4.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.