Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » Қалада салауатты өмір салты бойынша баннерлер пайда болды
Қалада салауатты өмір салты бойынша баннерлер пайда болды
Автор: Акимат
14-07-2017 16:45
Қалада салауатты өмір салты бойынша баннерлер пайда болды
Аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша халықтың хабардарлығын жоғарылату мақсатында, салауатты өмір салты Орталығы Семей қаласының басты көшелерінде баннерлерді орналастырды.
Баннерлерде орналасқан ақпараттың көмегімен қалалықтар онкологиялық, жүрек-қан тамырлары ауруларының, туберкулездің, АИТВ-инфекциясының даму тәуекелдігі факторларымен таныса алады. Қала көшелерінде сондай-ақ өзіне-өзі қол жұмсаудың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және салауатты өмір салты негіздері мен денсаулық сақтау сұрақтары бойынша халыққа қолдау ретінде CALL-Орталықтары көрсетілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы тақырыптармен баннерлер орналастырылды. 
 
Семей қаласының 
салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы