Басы » Акимат » Мәдениет » «Қазақ даналығының сиқырлы сандығы»
«Қазақ даналығының сиқырлы сандығы»
Автор: Акимат
14-07-2017 17:59
«Қазақ даналығының сиқырлы сандығы»
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Шүлбі кентіндегі мектеп-кешені мен орта мектептің жазғы лагері үшін «Қазақ даналығының сиқырлы сандығы» атты ертегілер күні өткізілді. 
Мақсаты: балаларды кітапхана өмірімен таныстыра отырып,  кітапқа деген қызығушылықты арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету. 
Кітапхана қызметкерлері лагерь балаларын «Кітапхана әні» атты әуенмен қарсы алып, «Қазақ балалар әдебиетінің жазушылары» атты слайд-тұсаукесері арқылы М.Әлімбаев, Б.Соқпақбаев, Ө.Тұрманжанов сияқты балалар жазушылары туралы қысқаша мағлұмат беріп таныстырды.
Сондай-ақ балаларға ертегілер қиял-ғажайып, шыншыл ертегілер, аңыз-ертегілер болып бөлінетіндігін түсіндірді. «Мақта қыз бен мысық», «Үш жетім» «Тазша бала», «Қарлығаш» сияқты ертегілерге қысқаша саяхат жасалды. 
Іс-шара барысында балаларға «Кітаппен қалай ойнауға болады?» атты мультфильм ұсынылды. Сонымен қатар балалармен «Кім болғым келеді?» және «Құрастырма» тты ойындарға қатысты.  
Балалардың қиялын қалыптастыру үшін суреттерге қарап ертегі құрастыру және «Менің сүйікті ертегілерім» тақырыбына сурет салу ұсынылды. 
Шара соңында сурет көрмесі ұйымдастырылап, «Ғажайып ертегілер әлемі» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды. 
 
 Қалалық орталық кітапхана