Басы » Акимат » Мәдениет » Ерлік сабағы
Ерлік сабағы
Автор: Акимат
17-07-2017 11:50
Ерлік сабағы
2017 жылы 15 шілде күні біз Кеңес Одағының батыры Мәншүк Жиенғалиқызы 
Мәметованың 95 жыл толуына және екі рет Кеңес Одағының батыры атағын алған,ұшқыш Талғат Бигелдиновтың 95 жыл толуына орай кітапхана оқырмандарының патриоттық рухын көтеру мақсатында ерлік сабағын өткіздік. Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапқан болатын. Талғат Бигелдинов Қазақтың текті қыраны, жеті қат көкте жаумен қисапсыз жағаласқанда жүрегі әсте шайлығып көрмеген, ел бағына туған қаһарман ұланы Кеңес одағы батыры атағын екі мәрте алған қазақ халқының мақтанышы. Елімізді жерімізді қасық қаны қалғанша қорғаған осы екі арысымыз тірі болса бүгін 95 жасқа толар еді. Іс-шараға қатысқан оқырмандарымыз тақырып бойынша қойылған көрмені тамашалап, өз ой-пікірлерін білдірді. Іс-шара соңында естелік  фотосуретке түстік. Іс– шараға 14 адам қатысты.  
 

«Зағиптар мен көздері нашар көретіндер азаматтар үшін арнайы Семей кітапханасы»