Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » Егуден бас тартудың алдын алу
Егуден бас тартудың алдын алу
Автор: Акимат
19-07-2017 15:08
Егуден бас тартудың алдын алу
Иммунопрофилактикаға (егулерге) халықтың сенімді көзқарасын қалыптастыру, халыққа егулердің қауіпсіздігі туралы және жұқпалы ауруларға қарсы қорғанудың қажеттілігі туралы және егулерден бас тартудың зардаптары туралы ақпарат беру мақсатымен Орталық кітапхананың баспасөз-орталығында СӨС Орталығымен 2017 жылдың 17-ші шілдесінде «Иммундау сұрақтары. Егуден бас тартудың алдын алу» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге салауатты өмір салты орталығының, қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының мамандары, инфекционист-дәрігерлер, білім бөлімінің, «Отбасы Орталығы» ҚҚ-ның, сондай-ақ қаланың емдеу-алдын алу мекемелерінің өкілдері қатысты.
       Дөңгелек үстелде келесі сұрақтар көтерілді:
1. Иммундаудың жұқпалы аурулардың алдын алудағы рөлі. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Ұлттық екпе күнтізбесі дифтерия, көкжөтел, сіреспе, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, гемофильдік және пневмококтық жұқпа, полиомиелит, «В» вирусты гепатиті, туберкулез сияқты 11 жұқпадан қорғайтын 9 жоспарлы вакциналауды өзіне енгізіп отыр. Таралудың алдын алу және өлімді болдырмаудың мақсатында эпидемиялық көрсеткіштері бойынша құтыруға, «А» вирустық гепатитіне, тұмауға, түйнемеге, обаға, кене энцефалитіне, менингококтық жұқпаға қарсы иммундау жүргізіліп жатыр. Қазақстан иммундаудың тегіндігі және қол жетімділігі жағынан әлемнің аздаған елдерінің қатарында түр. Иммундау көмегімен алдын алудың арқасында адамдардың көпшілігі жұқпалы аурулардың таралуының бүлдіретін зардаптарын ешқашан бастарынан кешкен жоқ.
2. Егулерден бас тартудың негізгі себептерін талдау. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің қоғамдық денсаулықты сақтау Комитетінің деректері бойынша ҚР Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес 2016 жылы орташа алғанда балалардың 90 пайызы егілген. Семей қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының ЭҚБ басшысы Ш.Б.Садықовтың айтуынша алдын ала егулерден бас тартуларға жүргізілген талдаудан бас тартудың 43 пайызы ата-аналардың жеке пікірлеріне, 28 пайызы діни себептерге (дәстүрлі емес діни ағымдар), 15 пайызы алдын алу әдісі ретінде егулерге сенбеушілікке, 8 пайызы БАҚ және әлеуметтік жүйелер, интернет арқылы алынған жағымсыз ақпараттар салдарына байланысты.
Қойылған сұрақтарды талқылай және вакциналаудан бас тартудың себептерінің талдауын зерттей келе дөңгелек үстел қатысушыларымен мынадай шешімдер қабылданды: бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік жүйелер көмегімен егулердің адам денсаулығы және бүтіндей қоғам үшін маңыздылығы туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмысты күшейту; бейінді денсаулық Мектептерінің (жас аналар мектебі, дені сау балалар кабинеттері) сабақтарында үйрететін семинарлар өткізу, сондай-ақ босандыру ұйымдары, МСКЕ негізінде вакциналау сұрақтары бойынша жүкті әйелдер мен жас ата-аналарды үйретуді ұйымдастыру; халықтың топтанған және дем алатын жерлерінде, саябақтарда, сауда-ойын-сауық орталықтарында вакциналау туралы ақпараттарды (ұлттық екпе күнтізбесі, вакцинамен басқарылатын жұқпалар туралы үндеухаттар, ата-аналар үшін кітапшалар) орналастыруды ұйымдастыру. Иммундаудың артықшылығы және вакциналаудан бас тартудың зардаптары туралы ЕАМ мониторларында, ірі сауда орталықтарында, авто/темір жол вокзалдарында және БАҚ-нда аудио-бейнероликтер көрсетілімдерін қамтамасыз ету. Санитарлық-түсіндіру жұмыстарын, оның ішінде иммундау сұрақтары бойынша дәстүрлі емес діни бағыттар өкілдерімен жеке әңгімелер ұйымдастыру және өткізу.
 
 
Семей қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің орталығы