Басы » Акимат » Қаланың басқа жаңалықтары » Ұлтымыздың болашағы – дені сау ұрпақ
Ұлтымыздың болашағы – дені сау ұрпақ
Автор: Акимат
19-07-2017 17:56
Ұлтымыздың болашағы – дені сау ұрпақ
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде тұрақты оқырмандардың қатысуымен «Ұлтымыздың болашағы – дені сау ұрпақ» атты денсаулық сағаты өткізілді. 
Мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасын жоспарлауға баулу.
Шара басында кітапханашы дені сау ұрпақ қалыптастыру - ұлт болашағының маңызды мәселесі болып табылатынын атап өтті. Ал осы мәселені шешуде отбасы үлкен рөл атқаратыны айтылды, өйткені  отбасы – адам  денсаулығының бірінші баспалдағы. Денсаулық – әрбір адамның өміріндегі ең үлкен бақыт. Әрбір адам күш-қуаты мол, денсаулығы мықты, сергек болып, ұзақ өмір сүргісі келеді.
Іс-шарада біздің зейнеткер, тұрақты оқырман Раиса Васильевна Ковалева атап өткендей, тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап ана мен баланы қорғау, денсаулықты сақтау, жастар мен балалар үшін жағдай жасау және салауатты әлеуметтік, адамгершілік тұрғыдан өскелең ұрпақты  қалыптастыру мемлекеттік саясат  құзырында.
«Денсаулық - зор байлық» атты кітап көрмесіне  қойылған салауатты өмір салтын ұстану туралы кітаптар мен  т.б. материалдарға библиографиялық шолу жасалды. 
 
 Қалалық орталық кітапхана