Басы » Акимат » ТКШ, сәулет және құрылыс » Құрылыс 2017 жылғы қаңтар-маусым
Құрылыс 2017 жылғы қаңтар-маусым
Автор: Акимат
21-07-2017 18:42
Құрылыс 2017 жылғы қаңтар-маусым
Құрылыс қызметі. 2017 жылғы қаңтар-маусымда құрылыс жұмыстарының (қызметтер) көлемі қосымша бағалауды есепке алғанда 7333,0 млн. теңгені құрады, бұл 2016 жылдың қаңтар-маусымындагы деңгейден 69,0-ға көп. 
Мердiгерлiк жұмыстардың құрылымында 79,7% – құрылыс-монтаж жұмыстары, 7,7% – күрделі жөндеу.
Объектілер мен қуаттарды іске қосу. 2017 жылдың қаңтар-маусым айларында қалада тұрғызылған тұрғын үйлердің жалпы аумағы 39509 ш. метрді құрады.
Тұрғын үй құрылысы. Тұрғын үй құрылысына 2594,3 млн. теңгенің инвестициясы жұмсалды, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 173,3% құрады.
Жылдың басынан 39509 ш. метрлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үйлерді салу мемлекеттік және мемлекеттік емес секторының субъектілерімен (жеке құрылыс салушылармен) жүргізілді. 
 
 
Семей қаласаның Cтатистика басқармасының басшысы
Б. Мешелов