Басы » Акимат » Қаулы, шешім, өкім » Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы
Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы
Автор: Акимат
26-07-2017 15:07
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 84-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 6-тарауына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бюджеттік қаражат есебінен Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген жеке тұрғын үйлердің салынуына байланысты мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару қосымшаға сәйкес басталсын.
2. Жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару күні 2017 жылғы 1 қараша;
жер учаскелерінің меншік иелері келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін жүгінетін орны «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып айқындалсын.
3. Ішкі саясат бөлімі (А. С. Садырбаев) осы қаулыны қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
4. Жер қатынастары бөлімі (С. М. Медеуов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ. Ш. Ерембесовке жүктелсін.
 
 
Қала әкімі міндетін атқарушы                                        Қ. Ерембесов