Басы » Акимат » Қаланың басқа жаңалықтары » Қоғамдық келісім – бейбітшіліктің кілті!
Қоғамдық келісім – бейбітшіліктің кілті!
Автор: Акимат
27-07-2017 11:28
Қоғамдық келісім –  бейбітшіліктің кілті!
2017 жылдың 26 шілдесі күні сағат 10:00-де «ШҚО Семей қаласының Шульбинск кенті әкімінің аппараты» ММ акт залында қоғамдық келісім кеңесі және аналар кеңесінің, ата-аналардың құқықтары мен міндеттері, балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер, отбасын нығайту және сақтау туралы жұмыстарын түсіндіру бойынша қалалық Достық үйі директорының орынбасары Ешимова Самал мен қалалық аналар кеңесінің төрайымы Моинбаева Нагима  кездесу өткізді. 
Аталған кездесуге кенттің мемлекеттік бюджеттік және мемлекеттік емес мекемелердің басшылары, кент жастары мен еңбек ардагерлері шақырылды.
«Осындай маңызды сұрақта, асығыс болмауы қажет» – екендігін залда қатысып отырған қоғамшылар атап өттіп, құжаттарды меңгеріп және оларды кент жұртшылығымен талқылау керектігін айтты.
Достық үйі өкілдерінің баяндамасын қатысушылар үлкен қызығушылықпен тыңдады. Қоғамшылар ұйымдастыру, түсіндіру жұмыстары бойынша ғана емес, сонымен қатар, нақты әдістемелік көмектер күтеді.            
 
 
Шульбинск кенті әкімінің аппараты