Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » «Гепатитті жою»
«Гепатитті жою»
Автор: Акимат
27-07-2017 11:48
«Гепатитті жою»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының шаралар жоспарын тиімді іске асыру шеңберінде Семей қаласында Дүниежүзілік вирустық гепатитпен күрес күніне ұштастырылған «Гепатитті жою» тақырыбында 2017 жылдың 24 шілдесі мен 22 тамызы аралығында айлық өткізіледі. 
Вирустық гепатит – бұл, А, В, С, D және Е айтулы вирустармен жіті, созылмалы жұқпаларды тудыратын және бауыр циррозы мен обырына әкелетін жұқпалы аурулар тобына жатады. Гепатиттің бес вирусы бір-бірінен өте ерекше, түрлі жолдар арқылы беріліп, халықтың түрлі топтарында кездесіп, денсаулыққа түрлі салдарын тигізеді.  
A  және  E  вирустық  гепатиттері  тағам мен су арқылы беріледі;  қауіпсіз су көздері жоқ және санитарлық-гигиеналық жағдай қанағаттанарлықсыз қауымдастықтарда аталған аурудың жіті таралуы мүмкін. B және C, D вирустық гепатиттері – қан арқылы жұғатын инфекциялар. Ауру көбінесе балалық шақта, сондай-ақ инъекцияның қауіпті әдісін және жыныстық қатынас арқылы сирек жұғады. 
Қоғамдық денсаулық сақтау саласының қауіпсіз және тиімді стратегиялары арқылы вирустық гепатиттің жұғуының алдын алу келесі жолдардан тұрады: 
А және Е вирустық гепатиттерімен күресудің негізі санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсарту мен азық-түлік пен судың қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді факторлар болып табылады. 
В және С вирустық гепатиттерінің жұғуының алдын алу үшін жеке тазалық ережелерін ұстану, оның ішінде тек жеке бастың гигиена құралдарын (қырынуға арналған білдек, қайшы, манюкирге арналған жиынтықтарды) қолдану ережесін, қауіпсіз жыныстық байланысты сақтау, медицина қызметкері тарабынан құрал-жабдықтардың залаласыздандырылуы мен қолданылуын қатаң бақылау, сондай-ақ В гепатитінің алдын алудың ең тиімді шарасы ретінде уақытында вакцинациялау қажет.
 
Семей қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы