Басы » Акимат » Қаулы, шешім, өкім » Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
Автор: Акимат
28-07-2017 18:31

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты

ШЕШІМ

2017 ж.«12» шілдедегі № 12/137-VI

Восточно-Казахстанский областной маслихат

РЕШЕНИЕ

от «12»июля 2017г.№ 12/137-VI

БІРЛЕСКЕН

 

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

ҚАУЛЫ

2017 ж.«3»шілдедегі № 171 Восточно-Казахстанский областной акимат

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

от «3»июля 2017г. № 171

 

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 26 шілдедегі № 5137 болып тіркелген
 
 
Өскемен қаласы                                                              город Усть-Каменогорск
 
 
 
Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласының 
әкімшілік-аумақтық 
құрылысына өзгерістер 
енгізу туралы 
 
 
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының   2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының   3, 8 және 11-баптарына сәйкес, «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының кейбір елді мекендерін тарату және есепті деректерден шығару жөнінде ұсыныстар енгізу туралы» Семей қалалық мәслихатының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 34/179-V шешімінің және  Семей қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 1782 қаулысының, «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Таңат ауылдық округін тарату және есепті деректерден шығару жөнінде ұсыныстар енгізу туралы» Семей қалалық мәслихатының    2014 жылғы 6 қарашадағы № 34/180-V шешімінің және Семей қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 1783 қаулысының, «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Жазық ауылдық округін тарату және есепті деректерден шығару жөнінде ұсыныстар енгізу туралы» Семей қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 8/58-VІ шешімінің және Семей қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 1811 қаулысының негізінде, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 
1. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Семей қаласы бойынша мынадай елді мекендер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын: Алғабас ауылдық округінің Киікқашқан және Қызылжал ауылдары, Знаменка ауылдық округінің Сынтас және Көкен ауылдары, Новобаженово ауылдық округінің Талдықорған ауылы;
2) таратылатын ауылдардың аумақтары:
Алғабас ауылдық округінің Киікқашқан және Қызылжал ауылдары шекаралары өзгертіле отырып, Алғабас ауылдық округінің Алғабас ауылының құрамына;
Знаменка ауылдық округінің Сынтас ауылы шекаралары өзгертіле отырып, Знаменка ауылдық округінің Қыземшек ауылының құрамына;
Знаменка ауылдық округінің Көкен ауылы шекаралары өзгертіле отырып, Знаменка ауылдық округінің Знаменка ауылының құрамына;
Новобаженово ауылдық округінің Талдықорған ауылы шекаралары өзгертіле отырып, Новобаженово ауылдық округінің Бұлақ ауылының құрамына енгізілсін;
3) мынадай ауылдық округтер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын: Таңат ауылдық округі және Жазық ауылдық округі;
4) таратылатын ауылдық округтердің аумақтары:
Таңат ауылдық округі шекаралары өзгертіле отырып, Ақбұлақ ауылдық округінің құрамына;
Жазық ауылдық округі шекаралары өзгертіле отырып, Знаменка ауылдық округінің құрамына енгізілсін.
2. Осы шешім және қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
Сессия төрағасы Ә. Мұхтарханов
 
Облыстық мәслихаттың хатшысы В. Головатюк
 
Облыс  әкімі  Д. Ахметов