Басы » Акимат » Мәдениет » «Біз бақытты балдырған» атты ойын-сайыс
«Біз бақытты балдырған» атты ойын-сайыс
Автор: Акимат
08-08-2017 17:58
«Біз бақытты балдырған» атты ойын-сайыс
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде балалардың жазғы бос уақытын тиімді өткізу мақсатында  «Біз бақытты балдырған» атты ойын-сайыс өткізді. Шараға кішкентай тұрақты оқырмандар қатысты. 
Шара басында кітапханашы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап балалардың бақытты өмірі, жақсы  білім алуы, дендерінің сау болуы, ересектердің қамқорлығымен сүйіспеншілігіне бөленуі үшін барлық жағдайды жасап келе жатқанын тілге тиек етті.
Бұдан әрі қатысушылар «Жұлдыз» және «Болашақ» атты екі  топқа бөлініп әділқазылар мүшелері сайланды. Ойын-сайыс: «Сәлемдесу», «Таныстыру», «Кім тапқыр?», «Мақал сөздің мәйегі», «Озық ой», «Кім батыл?», «Жүйрік болсаң озып көр!» атты айналымдардан тұрды. Шара барысында оқушылар өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетіп, әдеби викторина, спорттық жарыстарға қатысты.
Ойынның қорытындысы бойынша «Жұлдыз» командасы жеңімпаз атанды. Шара жалғасында оқушылар «Ертегілер елінде», «Біз бақытты баламыз», «Әрқашан күн сөнбесін!» атты әндерді шырқады.
Соңында «Біз бақытты балдырған» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.
 
Қалалық орталық кітапхана